Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Тоқаев ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың еңбегін атап өтті
Жаңалықтар

Тоқаев ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың еңбегін атап өтті

НұрланНұрлан19.11.20269
Фото: Ақорда

Президент қазақстандық дипломдардың халықаралық деңгейде мойындалуына Жансейіт Түймебаевтың қосқан үлесін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне арналған сөзінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың еңбегіне ерекше тоқталған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Мемлекет басшысы Қазақстанның білім беру біліктіліктерін халықаралық деңгейде тануға бағытталған Лиссабон және Токио конвенцияларына қосылғанын атап өтті. Осылайша, Қазақстан аталған екі конвенцияға бірдей қосылған өңірдегі алғашқы мемлекет атанды.

«Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, бұрынғы Білім және ғылым министрі, елші Жансейіт Түймебаевтың күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Енді қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Батыста да, Шығыста да мойындалатын болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл – еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш – дейді Тоқаев. 2029 жылға қарай Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Study in Kazakhstan ұлттық бастамасын дамыту көзделген.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік университеттермен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті де атап өтті.

«Қазір ауқымды ұйымдастыру жұмыстарының алғашқы кезеңі негізінен аяқталды деп айтуға болады. Осыған байланысты министр Саясат Нұрбекке алғысымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылдың қаңтарында, Сенат ЮНЕСКО-ның Токио конвенциясын ратификациялаған болатын. Бұл құжат Қазақстан дипломдарын Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінде тану рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты
Next Article Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді

19.11.20260

Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

19.11.20262

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

19.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент жетекші шетелдік университеттердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді

19.11.20260

Арман Қырықбаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

19.11.20262

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты

19.11.20262

Тоқаев ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың еңбегін атап өтті

19.11.20269

«Келін бөлек шыққысы келді»: Ақбота Керімбекова ұлының не себепті ажырасқанын айтты

19.11.202656

Шэньчжэнь қаласында Ресей, Қытай және АҚШ басшыларының үшжақты келіссөздері басталды

19.11.20261

«Самұрық-Қазына» қорының тағы бір топ-менеджері тергеуге ілікті

19.11.202635

Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды

19.11.20261

Мемлекет басшысы: «7 миллионнан астам баланың есепшотына 2,5 млрд доллар аударылды»

19.11.20261

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді

19.11.202653

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.