Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мұсылмандар 2035 жылға қарай әлемдегі ең ірі діни топқа айналуы мүмкін
Жаңалықтар

Мұсылмандар 2035 жылға қарай әлемдегі ең ірі діни топқа айналуы мүмкін

НұрланНұрлан19.11.20268
Фото: pixabay.com

Pew Research Center зерттеу орталығының болжамынша, 2035 жылға қарай әлемдегі мұсылмандар саны христиандардан асып, ең ірі діни топқа айналуы мүмкін. Бұған ең алдымен туу көрсеткішінің жоғары болуы мен мұсылман халықтарының жас құрамының ерекшелігі әсер етеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Зерттеу деректеріне сәйкес, 2020 жылы әлемде 2,02 млрд мұсылман және 2,27 млрд христиан болған. Ал 2035 жылға қарай мұсылмандар саны 2,57 млрд-қа, христиандар саны 2,52 млрд-қа жетеді деп болжанып отыр.

Орталықтың есебінше, 2070 жылға қарай мұсылмандар саны 3,64 млрд адамға дейін өседі. Христиандар саны шамамен 2,96 млрд болады. Осылайша, мұсылмандар әлем халқының 36%-ын, ал христиандар 29%-ын құрауы мүмкін.

Зерттеушілер мұндай өзгерістің басты себебін туу деңгейімен байланыстырады. 2020–2025 жылдары мұсылман әйелдерге шаққандағы бала туу коэффициенті 3,1 болса, христиан әйелдер арасында бұл көрсеткіш 2,5 болған. Басқа діни топтардағы әйелдер үшін орташа көрсеткіш 1,6 баланы құраған.

Мұсылман қауымының жас құрамы да халық санының өсуіне ықпал етеді. 2020 жылы мұсылмандардың орташа жасы 24 болса, басқа дін өкілдерінде бұл көрсеткіш 33 жас болған.

Pew мәліметінше, діни сенімін өзгерту де демографиялық үдеріске әсер етеді. Алайда бұл фактордың ықпалы туу мен өлім көрсеткіштеріне қарағанда әлдеқайда төмен.

Зерттеуде басқа діни топтарға қатысты да болжамдар келтірілген. 2070 жылға қарай буддистер саны 2020 жылғы 324 млн-нан 235 млн-ға дейін азаюы мүмкін. Ал дінге қатыстылығын көрсетпейтін адамдардың әлем халқы ішіндегі үлесі 24%-дан 17%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сонымен қатар индуизм мен иудаизмді ұстанушылардың саны абсолютті көрсеткіш бойынша өскенімен, олардың әлем халқы ішіндегі үлесі азаюы ықтимал.

Айта кетейік, зерттеу 2020–2070 жылдар аралығындағы демографиялық өзгерістерді қамтиды және 201 ел мен аумақтың деректеріне негізделген. Болжамда халықтың жас құрамы, туу мен өлім деңгейі, көші-қон және діни тиістіліктің өзгеруі ескерілген. Зерттеу авторлары бұл есеп болашақтағы барлық ықтимал оқиғаларды қамтымайтынын атап өтеді.

дін имам мұсылман
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚырғызстандық стендап-комик Елдос Алмазов қайтыс болды
Next Article Helios қара жамылды: ұжым Ақтөбеде өлтірілген басшысымен қоштасты

Оқи отырыңыз...

«Елге жасалған ең ауыр қастандық»: Президент

20.11.20260

Тоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Елге жасалған ең ауыр қастандық»: Президент

20.11.20260

Тоқаев: «Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады»

20.11.20260

Мексикада Димашқа Дүниежүзілік бокс кеңесінің құрмет белбеуі берілді

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20261

«Өлсе құрт—құмырсқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20269

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.202610

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202619

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20262

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.