Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»«Оян, қазақ!» деп ұран тастаған Міржақып Дулатовтың туғанына 141 жыл
Білім & ғылым

«Оян, қазақ!» деп ұран тастаған Міржақып Дулатовтың туғанына 141 жыл

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы25.11.20261
Фото: ЖИ

Бүгін, 25 қараша қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог, Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі Міржақып ДУЛАТОВтың туған күні, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

1885 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының жауапкершілігінде болды.

Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады. Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 жылы Омбы қаласына аттанып, өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Оған еріп Қарқаралыға барып, ондағы ұлттық демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петерборға барады.

1907 жылы Петерборда жалғыз нөмірі ғана шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қызылжарда сот кеңесінде тілмаштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінен дәріс береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады.

1910 жылы Қазандағы Кәрімовтер баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. А. Байтұрсыновпен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы «Қазақ» газетінің негізін қалайды.

Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған.

«Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. Кеңес үкіметі кезінде екі рет қуғын сүргінге ұшырап, тұтқындалған. 1935 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. 1988 жылы ақталған.

Міржақып Дулатұлының атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар және ескерткіш орнатылған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Барып жамандауды орынсыз санадым»: Назым Қаһарман Салтанат Нүкеноваға неге ескерту жасамағанын түсіндірді
Next Article Үйінді астында адам болуы мүмкін: тұрғын үйдегі жойқын жаралыстан тұрғындарды құтқару жалғасып жатыр

Оқи отырыңыз...

«Билл Гейтстен де асып түсті»: қабілеті ерекше Қарағандылық оқушы әлемдік оқу орнынан шақырту алды

25.11.20266

Қазақстан ғылымы жаңа белеске қадам басты: жас ғалымдарға қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

21.11.202612

«Жауына да бұлай жасамас»: жазушы Бексұлтан Нұржекеев оқушылар министрлердің экспериментіне айналғанын айтты

21.11.2026396
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18 жастағы жастардан 105 жастағы ардагерге дейін: Қазақстан мәслихат сайлауында дауыс берді

29.11.20260

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026163

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026179

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

29.11.20266

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

Илон Маск бір тәулікте 39,7 миллиард долларға байыды

29.11.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.