Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды
Басты ақпарат

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.11.20263

Фото: qazdauiri

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Сағат 20:00-де елдегі сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Бұл жолы қазақстандықтар бес жыл мерзімге 228 мәслихаттың 3 447 депутатын сайлады. Дауыс беруге арналған 10 338 учаске жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 12 679 459 адам енгізілген. Оның ішінде 101 учаске таңғы сағат 06:00-де, қалғаны 07:00-де ашылды.

Орталық сайлау комиссиясының сағат 16:00-дегі алдын ала мәліметі бойынша, сайлаушылардың 53,86%-ы дауыс берген. Ең жоғары белсенділік Түркістан облысында тіркеліп, 69,84%-ды құрады. Ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында болды – 33,73%.

Сайлауды бақылауға 258 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым аккредиттелді. Оның 13-і Орталық сайлау комиссиясында, 245-і аумақтық сайлау комиссияларында тіркелген.

Сайлау комиссиялары қалай дайындалды?

Дауыс беру процесіне қатысушылардың дайындығын пысықтау үшін 5 743 оқыту іс-шарасы өткізілді. Оған 101 896 адам қатысқан. Олардың 86 мыңнан астамы сайлау комиссияларының мүшелері.

Тұрғындарға сайлау туралы ақпарат теледидар, радио, SMS-хабарламалар, мобильді қосымшалар мен онлайн сервистер арқылы таратылды. Сонымен қатар үй-үйді аралау кезінде сайлаушыларға жеке шақыру қағаздары берілді.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған. Сондай-ақ комиссияларға қолайсыз ауа райына дайын болу, заң талаптарын сақтау және дауыс беру күні мен тыныштық күні үгіт жүргізуге жол бермеу міндеттелді.

Сайлаудың ресми қорытындысы 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей жариялануы тиіс.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды

29.11.202610

Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды

28.11.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026116

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026163

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

29.11.20266

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

Илон Маск бір тәулікте 39,7 миллиард долларға байыды

29.11.20261

Алматы облысында 2 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа дауыс беруге жағдай жасалды

29.11.20266

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.