Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды
Басты ақпарат

Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.11.20265

Фото: istockphoto.com

Абай облысында Семей қаласындағы қоқыс контейнерінен мәйіті табылған нәрестенің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның мән-жайы мен қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Сот анықтағандай, бала дүниеге келгеннен кейін ер адам жаңа туған нәрестені алып кетіп, қоқыс контейнеріне тастап кеткен.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, нәресте тірі туған. Оның өліміне денесінің қатты суып кетуі себеп болған.

«Сот талқылауының қорытындысы бойынша ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен (кәмелетке толмаған баланы өлтіру) кінәлі деп танылды. Сот оған осы баптың санкциясында көзделген жалғыз жаза түрін – қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп мәлімдеді ведомство.

Баланың анасы ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы – ананың жаңа туған баласын өлтіру бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қылмыстық кодекстің 55-бабының ережелерін ескере отырып, сот әйелге екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда әйел жазасын өтеуге міндетті емес. Себебі қылмыс орташа ауырлықтағы санатқа жатады және рақымшылық жасау туралы актінің қолданысына кіреді. Осыған байланысты әйел тағайындалған жазадан босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
Next Article Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Оқи отырыңыз...

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды

29.11.202610
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026111

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026163

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

29.11.20266

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

Илон Маск бір тәулікте 39,7 миллиард долларға байыды

29.11.20261

Алматы облысында 2 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа дауыс беруге жағдай жасалды

29.11.20266

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.