Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
Қоғам

Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.11.20264

Фото: istockphoto.com

2026 жылғы 26 қарашаға қараған түні Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт болды. Полиция оқиғаның бірнеше нұсқасын тексеріп жатыр. Ал үй иесінің қайғылы жағдайға қатысты өз болжамы бар, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Оқиға Бостандық ауданындағы дәліз үлгісіндегі тұрғын үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, үйде сегіз бөлме болған. Олардың әрқайсысы жеке отбасыларға жалға берілген. Қайғылы оқиға болған түні адамдарды қою түтіннің өткір иісі оятқан. Әркім өз бетінше аман қалуға тырысқан. Кейбір тұрғындар тұншығып қалмау үшін терезеден шығуға мәжбүр болған. Өрт салдарынан екі ер адам, екі әйел және төртінші сыныпта оқитын қыз бала қаза тапты.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары өрттің шығу себептерін, соның ішінде қасақана өрт қою нұсқасын да қарастырып жатыр.

Қайғылы оқиға болған үйдің иесі Қуаныш Кеңес мұны кездейсоқ жағдай деп есептемейді. Өрттен кейін ол бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген. Оның айтуынша, аумаққа бір әйел кіріп, ол кеткеннен кейін өрт басталған. Үй иесі бұл әйел жалға алушылардың бірінің бұрынғы сүйіктісі болуы мүмкін деп болжайды.

Осы уақытта кәмелетке толмаған тағы екі бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Тексеру нәтижесінде балалардың бірі көміртегі тотығымен жедел улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, қажетті емді толық көлемде алып жатыр. Тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілері бар бес жастағы бала одан әрі ем алу үшін балалар инфекциялық ауруханасына ауыстырылды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСемейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды
Next Article «Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды

Оқи отырыңыз...

23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды

28.11.20262

«Боқаев «Нұр Отан» идеологы болған, басшылық қызметтер атқарған» – мемлекеттік айыптаушы жарыссөз барысында

26.11.202617

Павлодар облысында мердігер мекеме қызметкері жұмыс орнында қаза тапты

26.11.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026111

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026163

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

29.11.20266

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

Илон Маск бір тәулікте 39,7 миллиард долларға байыды

29.11.20261

Алматы облысында 2 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа дауыс беруге жағдай жасалды

29.11.20266

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.