Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты
Жаңалықтар

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

НұрланНұрлан29.11.20266
Фото: видеодан скриншот

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты үй иесі өз болжамын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Оның сөзінше, қайғылы оқиғаға осы үйде бұрын тұрған әйелдің қатысы болуы мүмкін. Қуаныш Кеңес әйелдің бұған дейін де үйді өртеуге әрекет жасағанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға болған түні әйел бетперде, көзілдірік тағып, сөмкемен келген.

«Бұл – 100 пайыз қасақана қойылған өрт. Себебі бізде бөлмелерді жалға беретін адамдармен байланыс бар. Олар да сол әйелдің дәл осы киіммен, бетперде, көзілдірік және сөмкемен келгенін растады. Мұның бәрін растайтын куәгерлер де бар. Кейбіреулер камерадағы жазбалар жанама дәлел дейді. Бірақ бұл олай емес. Себебі оны қолынан ұстап алған адам бар. Ол негізгі кіреберіс арқылы ішке кіріп, жанғыш қоспаны төгіп, өрт қойған. Содан кейін қайтадан сол есіктен шығып, үйдің негізгі кіреберісін жауып кеткен. Мұндағы тұрғындардың сыртқа шыға алмауын көздеген болуы мүмкін», – деді үй иесі.

Еске салайық, 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы жеке үйден өрт шығып, бес адам қаза тапты. Олардың арасында бала да бар. Өртке қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталды. Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Алматы өрт
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
Next Article Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

Оқи отырыңыз...

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026116

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026163

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

29.11.20266

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

Илон Маск бір тәулікте 39,7 миллиард долларға байыды

29.11.20261

Алматы облысында 2 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа дауыс беруге жағдай жасалды

29.11.20266

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.