Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Қақталған балық жеген: Маңғыстауда отбасылық басқосуда болған төрт адам жансақтау бөліміне түсті
Оқиғалар

Қақталған балық жеген: Маңғыстауда отбасылық басқосуда болған төрт адам жансақтау бөліміне түсті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы22.09.20265
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында өткен отбасылық басқосу ауыр салдарға ұласып, ботулизм белгілерімен бір үйдің үш ересек адамы мен тоғыз жасар баласы жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр деп бағаланған төрт науқас та өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Дәрігерлердің алдын ала мәліметінше, ауыр дертке үйде дайындалған суықтай қақталған балық себеп болуы мүмкін. Санитарлық мамандар өнімнің тоңазытқышта ұзақ уақыт бойы сақталғанын анықтады. Зардап шеккен Мұнайлы ауданының тұрғындары қауіпті тағамды 17 қыркүйек күні кешкі мезгілде отбасылық жиын кезінде тұтынған.

Дерттің алғашқы ауыр симптомдары келесі күні кешке қарай біліне бастаған. Науқастардың жағдайы тез арада нашарлап, олар дәрігерлердің көмегіне 19 қыркүйек күні ғана жүгінген.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс эпидемиологы Марал Қадыр оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, науқастарда улы токсиннің ағзаға тигізген әсері анық байқалғанын растады. Тұрғындар медициналық мекемеге уақыт оздырып жеткізілгендіктен, ауру асқынып кеткен.

«Үйде зардап шеккендер бірнеше рет құсып, лоқсыған. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін науқастардың жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оларда әлсіздік, бас айналу, жұтыну мен көру қабілетінің бұзылуы, тамақтың қышуы мен құрғауы, көздің бұлдырап, қосарланып көрінуі және есінің кіресілі-шығасылы болуы байқалды», – деп мәлімдеді эпидемиолог.

Қазір зардап шеккен үш ересек адам облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ал жасы тоғыздан асқан бала облыстық балалар көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауына алынған.

Барлық науқастар өздігінен тыныс ала алмағандықтан, арнайы тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер қауіпті бактерия токсинін бейтараптандыру үшін науқастарға шұғыл түрде ботулизмге қарсы арнайы сарысу енгізген. Сонымен қатар улануға қарсы дезинтоксикациялық және симптоматикалық ем-дом толық көлемде жалғасып жатыр. Мамандар үй жағдайында дайындалған қақталған, тұздалған және консервіленген өнімдерді сақтау ережелері сақталмаса, олардың өмірге тікелей қатер төндіретінін ескертеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қоятын жер жоқ па?»: «КешYou» әншісі микрофонды кеудесіне қысып, көптің сынына қалды (ВИДЕО)
Next Article Енді оң рульді көліктер такси қызметін көрсете алмайды

Оқи отырыңыз...

Полицейлер топтасып зорлады: Қонаевта ресейлік қызды зорлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды (видео)

30.09.2026169

Шымкентте әйелі күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

30.09.2026160

Аспандағы айқас: 190-ға жуық жолашуы отырған лайнерде ұшқыштар көкте пышақтасып, ұшақ апатқа ұшырай жаздады

30.09.2026391
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026743

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026208

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026165

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.