Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Астанада бухгалтер компания шоттарынан 109 млн теңгеден астам ақша жымқырған
Жаңалықтар

Астанада бухгалтер компания шоттарынан 109 млн теңгеден астам ақша жымқырған

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы19.11.20264

Фото: istockphoto.com

Астанада екі компанияның шотынан өз есепшотына және бақылауындағы жеке кәсіпкерлердің шоттарына 109 млн теңгеден астам ақша аударған бухгалтерге сот үкімі шықты. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәлім етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Сот мәліметінше, В. 2019–2023 жылдары М.-ға тиесілі екі жауапкершілігі шектеулі серіктестікте (ЖШС) бухгалтер, кейін бас бухгалтер болып жұмыс істеген. Қызмет барысында ол компаниялардың банк шоттарына қол жеткізіп, қаржы операцияларын өз бетінше жүргізу мүмкіндігіне ие болған.

Осы мүмкіндікті пайдаланған бухгалтер компаниялардың шоттарынан өз есепшотына және өзі бақылаған жеке кәсіпкерлердің шоттарына бірнеше рет ақша аударған. Бұл аударымдарға ешқандай шарттық немесе заңды негіз болмаған. Сонымен қатар ақша қозғалысы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

Салдарынан екі компанияға 109 млн теңгеден астам шығын келген. Бұл қаражат жәбірленушілерге әлі қайтарылмаған.

Сот В.-ның кінәсін жәбірленуші өкілінің және куәлардың жауаптары, сараптама қорытындылары, заттай дәлелдер мен іс материалдары арқылы дәлелденген деп таныды.

Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған. Ал прокурор оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және 10 жыл бойы мемлекеттік әрі коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айыруды ұсынған.

Сот қандай шешім шығарды?

Қылмыстың ауырлығын, компанияларға келтірілген шығынның өтелмегенін және сотталушының екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерген сот оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұған қоса, сотталушыға 10 жыл бойы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

 

Алайда оның 2013 және 2014 жылы туған екі баласы болғандықтан, сот жазаны өтеуді бір жылға кейінге қалдырды. Яғни бас бостандығынан айыру жазасын орындау әзірге кейінге шегерілді.

 

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің келтірілген шығынды өндіріп алу туралы талаптарын қанағаттандырды.

 

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕнді Threads-те біреудің жеке хатын жариялаған адам 7 жылға сотталуы мүмкін
Next Article Қостанай облысында бір айға жетпейтін уақытта үш балықшы суға батып кетті

Оқи отырыңыз...

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді

19.11.202623

«Жатыры құтырған қатыннан Абайлар туылмайды»: актердің әйелі Қабатовтың тоқалына жауап берді

19.11.2026216

Қаралы хабар: Қазақстан футболының ардагері әрі төреші 81 жасында өмірден өтті

19.11.20260

Шымкентте бензовоз аударылып, өртеніп кетті: жүргізушісі қаза тапты

19.11.20261

Ақмола облысында үш көлік апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

19.11.20260

Болат Назарбаевтың бұрынғы зауыты мемлекетке өтіп, сатылымға шығарылды

19.11.202646

«Дариғаның балалы болуға мүмкіндігі бар»: Репродуктолог мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19.11.202647

«Сөз шебері»: Астаналық оқушылар арасында үздік жүргізушілер анықталды

19.11.20261

“Таныстарын шақырып, зорлатқан”: Балқашта 13 және 15 жастағы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

19.11.2026104

«Түрлері ұқсаса да, мінезі ұқсамасын»: Олжас Абайдың бұрынғы әйелі ұлдарын көрсетті

19.11.2026264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.