Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанға Аустралиядан 1800-ге жуық асыл тұқымды қой жеткізілді
Жаңалықтар

Қазақстанға Аустралиядан 1800-ге жуық асыл тұқымды қой жеткізілді

НұрланНұрлан02.11.20263
Фото: gov.kz

Қазақстанда етті бағыттағы қой шаруашылығын дамыту үшін Аустралиядан 1 765 бас асыл тұқымды қой әкелінді. Олардың қатарында дорпер және «Аустралиялық ақ» тұқымдары бар. Асыл тұқымды мал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы екі шаруашылыққа жеткізілді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Атап айтқанда, Ақмола облысындағы «Ерейментау-Астық-2014» ЖШС-не дорпер тұқымының 1 100 бас қойы жеткізілді. Бұл – шаруашылықтың жалпы саны 4 мың бас ұсақ мал сатып алу жөніндегі жобасының алғашқы кезеңі.

Жоба «Береке» жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Eco Lamb» ЖШС-не 665 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Оның 497-сі «Аустралиялық ақ» тұқымына, 168-і дорпер тұқымына жататын саулық.

Шаруашылық алдағы уақытта «Аустралиялық ақ» тұқымды қой өсіретін асыл тұқымды репродуктор құруды жоспарлап отыр. Бұл тұқымдардың таңдалуы олардың ет өнімділігі жоғары әрі тез жетілуімен байланысты.

Мамандардың айтуынша, мұндай малды өсіру отардың өнімділігін арттырып, қой етінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың құрылуы Қазақстанда жоғары өнімді қойларды өз күшімізбен көбейтуге жол ашады. Сонымен қатар сапалы асыл тұқымды мал қорын қалыптастырып, оны өзге шаруашылықтарға таратуға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыс 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында жүргізіліп жатыр. Құжатта ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру, асыл тұқымды мал базасын нығайту, отандық селекцияны дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту көзделген.

Жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанда етті бағыттағы қой шаруашылығының әлеуетін арттырып, сапалы қой етінің өндірісін тұрақты жолға қою көзделіп отыр. Сонымен қатар саланың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ет өнімдерін терең өңдеуді дамытуға жағдай жасалмақ.

аустралия қой
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«11 миллион теңгелік алқа, 8 миллион кредит»: Мөлдір Мұқанованың алқасы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)
Next Article Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

Оқи отырыңыз...

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

02.11.20263

Іле-Балқаш резерватына екінші Амур жолбарысы жіберілді (ВИДЕО)

02.11.20265

ОСК мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдерді таныстырды

02.11.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

02.11.20263

Іле-Балқаш резерватына екінші Амур жолбарысы жіберілді (ВИДЕО)

02.11.20265

ОСК мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдерді таныстырды

02.11.20262

Шымкентте 22 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

02.11.20263

Бәрі бір қонақүйде жатқан: Қарағандыдан Ташкентке барған 15 футболшы уланып қалды

02.11.202636

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

02.11.20264

Қазақстанға Аустралиядан 1800-ге жуық асыл тұқымды қой жеткізілді

02.11.20263

«11 миллион теңгелік алқа, 8 миллион кредит»: Мөлдір Мұқанованың алқасы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

02.11.2026269

Президент «Qarmet» басшылығымен кездесуде трамвай мәселесін қозғады

02.11.20264

Қазақстанда жылдық инфляция бесінші ай қатарынан төмендеп келеді

02.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.