Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Іле-Балқаш резерватына екінші Амур жолбарысы жіберілді (ВИДЕО)
Жаңалықтар

Іле-Балқаш резерватына екінші Амур жолбарысы жіберілді (ВИДЕО)

НұрланНұрлан02.11.20265
Фото: Экология министрлігі

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тағы бір тарихи оқиға орын алды. Амур есімді аталық жолбарыс табиғи мекендеу ортасына жіберілді. Ол Қазақстанда жолбарыстарды қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында жабайы табиғатқа шығарылған екінші жолбарыс атанды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Қазақстанның жабайы табиғатында 70 жылдан астам уақыт бойы жолбарыстар кездеспеген еді. Енді табиғи экожүйелерді қалпына келтіру бағытында жүргізілген көпжылдық жұмыстың нәтижесінде бұл жыртқыштар өздерінің тарихи мекеніне біртіндеп қайта оралуда.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев, «Амур жолбарысы» орталығының бас директоры Сергей Арамилев, сондай-ақ «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері, мамандар мен адам және жолбарыс арасындағы қақтығыстардың алдын алу тобының мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров атап өтті:

«Бүгін біз жолбарыстарды Қазақстанға қайтару жолында тағы бір маңызды қадам жасадық. Биыл 31 шілдеде Үміт есімді аналық жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілген болатын. Ал бүгін біз екінші жолбарысты – Амур есімді аталықты табиғи ортаға шығардық.

Бұл тарихи оқиға – ұзақ жылдар бойы бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесі. Осы орайда бағдарламаны жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы мен тікелей қатысқаны үшін Ресей тарапына, әсіресе «Амур жолбарысы» орталығы мен оның мамандарына ерекше алғысымды білдіремін. Сондай-ақ Қазақстанның табиғи экожүйелерін қалпына келтіруге және жолбарыстардың оралуына қажетті жағдай жасауға көп жылдан бері үлес қосып келе жатқан Дүниежүзілік табиғат қорына және барлық серіктестерімізге ризашылығымды жеткіземін.

Біздің басты мақсатымыз – осы жыртқыштарды тарихи мекеніне қайтарумен ғана шектелмей, олардың табиғи ортада өздігінен тіршілік етіп, көбейе алатын тұрақты популяциясын қалыптастыру».

Амур табиғатта өздігінен тіршілік етуге дайын

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін Амур «Іле-Балқаш» резерватының арнайы жабдықталған бейімдеу қоршауында болды. Осы уақыт аралығында мамандар оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.

Табиғатқа жіберілер алдында жолбарыс кешенді ветеринариялық тексерулер мен мінез-құлық сынақтарынан өтті. Мамандар оның денсаулығын, аңшылық дағдыларын, өздігінен қорек табу қабілетін, сондай-ақ адамға қатысты мінез-құлқын бағалады.

балқаш жолбарыс
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОСК мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдерді таныстырды
Next Article Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

Оқи отырыңыз...

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

02.11.20263

ОСК мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдерді таныстырды

02.11.20262

Шымкентте 22 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

02.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

02.11.20263

Іле-Балқаш резерватына екінші Амур жолбарысы жіберілді (ВИДЕО)

02.11.20265

ОСК мәслихат депутаттарын сайлауға арналған бюллетеньдерді таныстырды

02.11.20262

Шымкентте 22 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

02.11.20263

Бәрі бір қонақүйде жатқан: Қарағандыдан Ташкентке барған 15 футболшы уланып қалды

02.11.202636

Мемлекет басшысы Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты

02.11.20264

Қазақстанға Аустралиядан 1800-ге жуық асыл тұқымды қой жеткізілді

02.11.20263

«11 миллион теңгелік алқа, 8 миллион кредит»: Мөлдір Мұқанованың алқасы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

02.11.2026269

Президент «Qarmet» басшылығымен кездесуде трамвай мәселесін қозғады

02.11.20264

Қазақстанда жылдық инфляция бесінші ай қатарынан төмендеп келеді

02.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.