Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Боранбаевтан тәркіленген мұнай компаниясы қайтадан иесіз қалды
Жаңалықтар

Боранбаевтан тәркіленген мұнай компаниясы қайтадан иесіз қалды

НұрланНұрлан01.10.202621
Фото: ашық дереккөз

«ҚазМұнайГаз» олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған бұрынғы мұнай компаниясындағы үлесінен айырылды. Ұлттық компания үш жыл ішінде бірнеше рет иесі ауысқан Phystech II компаниясының акционерлер құрамынан шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

КМГ-ден шығу туралы шешімді «Самұрық-Қазына» қабылдады

2026 жылғы 25 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» акционері – «Самұрық-Қазына» қоры компания құрамынан шығу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы ұлттық компания KASE қор биржасының сайтында хабарлады.

Phystech II активі қалай қолдан-қолға өтті?

Phystech II компаниясы Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнайды барлау және өндірумен айналысады. Жер қойнауын пайдалану келісімшарты 2006 жылдан бері қолданыста.

2023 жылға дейін компания Қайрат Боранбаевқа «Қазстройпроект-А» ЖШС арқылы тиесілі болған.

2023 жылдың наурызында олигарх ақша жымқырды деген күдікпен ұсталып, алты жылға сотталған. Активтерді мемлекетке қайтару аясында ол Phystech II компаниясын мемлекетке өткізді. Сол кезде Қаржылық мониторинг агенттігі компанияны 35 млрд теңгеге бағалаған.

Одан кейін активтің иесі бірнеше рет ауысты. Алдымен компанияны Қаржы министрлігі алды. 2025 жылдың қаңтарында ол 8,1 млрд теңгеге «Самұрық-Қазынаға» берілді.

2024 жылдың жазында компанияны жекешелендіруге әрекет жасалғанымен, бұл жүзеге аспады. 2026 жылы актив «ҚазМұнайГазға» берілді. Енді ұлттық компания одан шықты.

2025 жылдың қарашасында Phystech II кен орнын игеру келісімшартын және оған қатысты барлық активтерді жарғылық капиталға салым ретінде North Karazhanbas Ltd бірлескен кәсіпорнына берген.

Зиянға батқан актив

Бір кездері Phystech II пайда әкелгенімен, кейінгі уақытта компания шығынға ұшыраған.

2025 жылы компания 10 млрд теңгеден астам шығын көрді. Ал 2026 жылдың басынан бері шығыны тағы 53,7 млн теңгеге жеткен.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның активтері 11,7 млрд теңгеге бағаланған.

Қайрат Боранбаев 2023 жылдың қарашасында бостандыққа шықты. Сот оның бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырған.

ҚМА мәліметінше, Phystech II-мен қатар Боранбаев мемлекетке газ тарату компаниясын, қонақүйлер мен сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес-клубтар желісін және басқа да активтерді қайтарған. Сонымен бірге ол Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударған.

боранбаев мүнай
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Әскерден мүгедек болып оралды»: Төсекке таңылған сарбаздың ата-анасы дабыл қақты
Next Article «Оңбайды, обал-ай»: Мақпал Жүнісова жас әнші Садраддин жайлы пікір айтты

Оқи отырыңыз...

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20260

Қазақстан азаматын АҚШ билігі қауіпті қылмыскер ертінде ұстатып, күшпен алып кетті

17.11.20261

ҚазҰУ жатақханасындағы қайғылы жағдай: студент өліміне қатысты күдікті ұсталды

17.11.202610
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20260

«Умра оған не керек?»: Тұрсынбек Қабатовқа жасалған тосын сый елдің сынына қалды (ВИДЕО)

17.11.20264

«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі мен Балжан Бидаш Threads желісінде сөз қағыстырды

17.11.20264

Қазақстан азаматын АҚШ билігі қауіпті қылмыскер ертінде ұстатып, күшпен алып кетті

17.11.20261

ҚазҰУ жатақханасындағы қайғылы жағдай: студент өліміне қатысты күдікті ұсталды

17.11.202610

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.202680

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202630

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20263

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026552

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.2026116

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.