Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Демалыс күндері: Медеу мен Шымбұлаққа көліктердің барлық түрінің кіруіне шектеу қойылды
Жаңалықтар

Демалыс күндері: Медеу мен Шымбұлаққа көліктердің барлық түрінің кіруіне шектеу қойылды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.09.202619
Фото: Колеса.кз

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары «Медеу» өңірлік табиғи паркі мен «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлікпен кіруді реттейтін жаңа тәртіпті қолдады, деп жазады Muztaumedia.kz.

Шешім жобасын мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бахтыгереев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын аумақтарға түсетін көлік және антропогендік жүктемені азайту.

Жаңа талаптарды енгізуге 2026 жылы 12 маусымда Конституциялық Соттың бұрынғы шектеуге қатысты шығарған қаулысы негіз болды. Сот 2016 жылы әкімдік қаулысымен белгіленген шектеуді Конституцияға сәйкес емес деп танып, мұндай шешімдерді мәслихат қабылдауға тиіс екенін және тұрғындардың құқығы ескерілуі қажет екенін атап өтті.

«Біз бұрынғы тәртіпті жай ғана сақтап қалуды емес, экологиялық жағдайды, заң талаптарын және тұрғындардың құқығын ескере отырып, көлік жүктемесін реттеудің заңды тетігін енгізуді ұсынып отырмыз», – деді Аршат Бахтыгереев.

Басқарма мәліметінше, бақылау-өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. 2026 жылдың сегіз айында 179 024 көліктің өткені тіркелген. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 76 606 болған.

Жаңа тәртіп бойынша іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электромобильдерге бөлек режим қарастырылған: жұмыс күндері кіруге рұқсат етіледі, ал демалыс және мереке күндері шектеу барлық көлік құралдарына қолданылады.

Бұл ретте жаңа тәртіп тұрғындардың мүддесін, сондай-ақ жедел, коммуналдық және арнайы қызметтердің жұмысын ескереді. Аталған аумақта 48 жеке тұрғын үй, «Қазгидромет» пен «Қазселденқорғауға» тиесілі қызметтік-тұрғын үй ғимараттары, сондай-ақ Тұйықсу шатқалындағы нысандар орналасқан.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматының өрлеуі: мегаполистің жаңа даму кезеңі
Next Article Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026733

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026794

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.