Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматының өрлеуі: мегаполистің жаңа даму кезеңі
Жаңалықтар

Алматының өрлеуі: мегаполистің жаңа даму кезеңі

НұрланНұрлан18.09.20266
Фото: әлеуметтік желі

Алматыға келетін туристер санының өзі бұл әлеуеттің ауқымын аңғартады. 2025 жылы қалаға шамамен, 2,5 миллион турист келіп, оның 750 мыңнан астамын шетелдік қонақтар құрады. Бірақ бұл – Алматының мүмкіндігінің шегі емес. Алдағы міндет – турист санын жәй көбейту емес, Алматыда қалатын уақытын, алатын әсерін және экономикаға қосатын үлесін арттыру. Жоспарланған жобалар жүзеге асқан жағдайда, 2030 жылға қарай шетелдік туристер санын 1,7 миллионға, ал 2050 жылға қарай 4 миллионға дейін жеткізу көзделіп отыр, деп жазады Muztaumedia.kz. 

Бұл туристік ағынның артуымен бірге қала экономикасына түсетін салық түсімдерін де ұлғайтып, жыл сайын бюджетке түсетін қаражат көлемін ширек триллион теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Алматының туристік әлеуеті тек оның заманауи келбеті, инфрақұрылымы мен ауқымды болашақ жобаларымен ғана айқындалмайды. Қаланың тартымдылығын арттыратын маңызды құндылықтардың бірі – тамыры терең тарихымен сабақтасып жатқан өңірдің мұрасы.

Әйгілі Сақ қорғандары – соның үнсіз куәсі. Қала іргесіндегі Боралдай қорымы, Есік өңіріндегі Сақ қорғандары – Ұлы дала өркениетінің осы кеңістікте терең тамыр жайғанын көрсететін тарихи мұра. Бұл ескерткіштерді тек археологиялық нысан деп қабылдау жеткіліксіз. Олар – бүгінгі Алматының ежелгі тарихымен жалғасатын көпірі. Өйткені, тарих кейде кітаптарда ғана сақталмайды. Кейде жер астында жатады, кейде қаланың өз көшелерімен бірге өмір сүреді. Бүгін әлемде туристер бір-біріне ұқсас қалаларды емес, өзінің қайталанбас тарихы мен мінезі бар мекендерді іздейді.

Сондықтан алғашқы қадамдардың бірі ретінде «Сақ қорғандары» аумағында рекреациялық парк құру көзделіп отыр. Алайда, Алматы тарихының туристік әлеуеті мұнымен шектелмеуге тиіс. Боралдайдан Есікке дейінгі көне қорғандар, Жібек жолының ізі, тарихи сәулет нысандары мен қаланың әр дәуірден жеткен мәдени қабаттарын өзара байланыстыратын тұтас тарихи-туристік кеңістік қалыптастыруға болады.

Алматы халқының қарқынды өсуі алдымызға жаңа әрі күрделі міндеттер қойып отыр. Қала кеңейіп, жаңа тұрғын үйлер бой көтерген сайын қоғамдық кеңістіктерге түсетін салмақ та артып келеді. Кезінде жеке үйлер мен шағын коттеджді қалашықтар орналасқан аумақтардың орнына көпқабатты тұрғын үйлердің келуі – урбанизацияның заңды үдерісі. Бірақ жаңарудың өз заңы болуы керек.

Реновация – ескі ғимараттардың орнына жаңа ғимараттар тұрғызу ғана емес, ол қаланың тарихи жадын, сәулеттік ерекшелігін, табиғи ортасын және адамның өмір сүру сапасын қатар сақтайтын күрделі процесс. Сондықтан Алматының Бас жоспарын іске асыру аясында Placemaking, яғни «Қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру» қағидатына негізделген кешенді даму тәсіліне басымдық берілуде. Бұл тәсілдің мәні қарапайым болғанымен, мағынасы терең: тұрғын үйді ғана емес, адам өмір сүретін ортаны тұтас жобалау. Жаңа аудан бой көтерсе, оның жанында кеңсе де, дүкен де, мектеп пен балабақша да, емхана мен саябақ та қатар қарастырылуы керек. Қоғамдық көлік, инженерлік желілер, жаяу жүргінші жолдары мен демалыс орындары бір-бірінен бөлек емес, біртұтас қалалық жүйе ретінде жоспарлануға тиіс. Өйткені, адамға үйдің өзі ғана жеткіліксіз. Оған үйінен жұмысына, баласының мектебіне, саябаққа, дүкенге, емханаға қауіпсіз әрі ыңғайлы жететін орта қажет.

Жақсы қала – адамның күнделікті уақытын үнемдейтін қала. Осы қағида көшелерді жаңғырту жұмыстарына да енгізілуде. Алматы біртіндеп жөндеудің «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидатына көшіп келеді. Яғни көшенің тек жолын жөндеп қоюмен шектелмей, оның тротуары, жарықтандырылуы, көгалдандырылуы, ғимарат қасбеттері мен шағын сәулет нысандары да біртұтас жоба аясында жаңартылады. Мұның мақсаты – көшені сырттай көріктендіру ғана емес. Бұл – адамға кедергісіз, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру. Көшенің әрбір элементі бір-бірімен үйлескенде ғана қала кеңістігі өзінің тұтастығын табады.

Алматы үшін судың да орны ерекше. Таудан аққан мөлдір бұлақтар мен арықтар жүйесі шаһардың тарихи болмысының бір бөлігі. Ендігі міндет – жауын-шашын мен қар суын да тиімді пайдаланып, оны қаланың экологиялық жүйесіне қайта қосу. Осы мақсатта «Қала-Сорғыш» тұжырымдамасы маңызды мүмкіндік береді. Оның тұжырымдамасын қытайлық ландшафт сәулетшісі Конгцзянь Юэ дамытуымен әлемге кеңінен танылды. Қытай мен Еуропаның бірқатар қалаларында қолданылып жүрген бұл тәсіл жауын-шашын мен еріген қар суын табиғи жолмен басқаруға негізделеді. Бұл – климат жаһандық деңгейде өзгеріп, су ресурстарының маңызы артып келе жатқан кезеңде аса маңызды ұстаным. Алатау ауданындағы Бент көлдері аумағында келешекте жүзеге асырылатын пилоттық жоба осы тәсілдің алғашқы қадамдарының бірі болмақ. Тәжірибе нәтижелі болса, мұндай шешімді қаланың басқа бөліктеріне де кеңейтуге мүмкіндік бар.

Қазіргі Алматы ұзақ уақыт бойы бір орталыққа тартылған қала ретінде қалыптасты. Қаланың негізгі іскерлік, әкімшілік, мәдени және әлеуметтік өмірі орталыққа шоғырланып, тұрғындардың күнделікті қозғалысының басым бөлігі де осы бағытқа тәуелді болды. Бірақ мегаполис өскен сайын мұндай модельдің мүмкіндігі де шектеле түседі. Қала үлкейген сайын бір орталыққа түсетін салмақ артады, ал онымен бірге жолдағы уақыт, көлік кептелісі, инфрақұрылымға түсетін жүктеме де көбейеді. Сондықтан Алматының келесі даму кезеңі бір орталықтан бірнеше мүмкіндікке көшу кезеңі болуға тиіс.

Біз қаланы өзара байланысқан бірнеше полицентрден тұратын кемелді мегаполиске айналдыруымыз керек. Әрбір негізгі орталықтың өз жұмыс орындары, университеттері, медициналық және мәдени нысандары, бизнес орталықтары, сауда және демалыс орындары қалыптасуы қажет. Сонда тұрғын үшін қаланың барлық мүмкіндігі бір ғана нүктеде шоғырланбайды. Адам өз үйіне жақын жерде жұмыс істеп, білім алып, ем қабылдап, демалып, қажетті қызметтерін пайдалана алады. Бұл – көлік кептелісін азайтудың ғана жолы емес, қаланың экономикалық қуатын кеңістікте теңгерудің тәсілі.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде метро желісін батыс және шығыс бағыттарда дамыту жұмыстары жүргізілуде. Болашақта желіні «Барлық» көлік торабына дейін 5,3 шақырымға ұзарту және үш жаңа станция салу жоспарлануда. Ал шығыс бағытта «Жібек жолы» желісін әуежайға дейін жалғастыру көзделген. Бұл учаскенің ұзындығы шамамен, 14 шақырым болып, сегіз станцияны қамтиды.

ЛРТ – рельсті қоғамдық көліктің заманауи түрі. Оның алғашқы желісі ұзындығы 18,3 шақырымды құрап, Индустриялық аймақты Алматы-2 вокзалымен байланыстырады. Желіде шамамен, 34 аялдама қарастырылған. Болашақта ЛРТ жүйесін «Барлық» және «Шығыс» көлік тораптарымен байланыстыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Алматыда алғаш рет Sky Train – эстакада үстімен жүретін қоғамдық көлік жүйесін іске асыру жобасы қарастырылуда. Жалпы ұзындығы 42 шақырым болатын екі желіде 20 станция орналасады. Sky Train жүйесінің басты ерекшелігі – оның жол қозғалысына тәуелсіз, арнайы салынған эстакада бойымен қатынауы. Бұл көлік кептелістері мен бағдаршамдарға тәуелділікті азайтып, жолаушылардың жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Алматының болашағы үшін стратегиялық маңызы бар мәселелердің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Климаттың өзгеруі мен табиғи су қорларына түсетін салмақтың артуы бұл мәселені бүгіннен бастап шешуді талап етеді. Сарапшылар алдағы кезеңде өңірдегі су тапшылығының күрделене түсуі мүмкін екенін айтып келеді. Тіпті, қаланың негізгі су қорларының бірі саналатын таулы аймақтағы мұздықтардың едәуір бөлігінің еру қаупі туралы болжамдар бар.

Бұл – кейінге қалдыруға болмайтын мәселе. Су – жәй ғана коммуналдық ресурс емес, қаланың болашағын айқындайтын стратегиялық капитал. Сондықтан су инфра­құрылымын жаңғырту кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Осы бағытта «Ақсай», «Нұрлы Тау» және «Барлық» су тарту нысандарын іске қосу, сондай-ақ Талғар жерасты су көзінен тартылатын магистральдық су құбырларын жаңғырту маңызды қадам болмақ.

Алайда мәселе жаңа су көздерін табумен ғана шектелмеуі керек. Болашақ Алматы суды көп пайдаланатын емес, суды ұқыпты пайдаланатын қалаға айналуы қажет. Бұл үшін ауыз суды өндірістік және шаруашылық мақсатта орынсыз пайдалануды шектеу, суды тазарту және қайта пайдалану жүйелерін кеңінен енгізу қажет. Қаланың әр тамшы судың құнын түсінетін жаңа мәдениетке көшуі – уақыт талабы.

Алматы Алматы жастары Алматы облысы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматы – жаңа дәуірге бет алған мегаполис: қаланың болашағы қалай қалыптасады?
Next Article Демалыс күндері: Медеу мен Шымбұлаққа көліктердің барлық түрінің кіруіне шектеу қойылды

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026730

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026792

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.