Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады
Жаңалықтар

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

НұрланНұрлан19.09.202623
Фото: ULY DALA FEST

31 қазанда Астанада ұлттық мəдениет пен заманауи музыканы тоғыстыратын ULY DALA FEST этнофестивалі өтеді. Бір сахнада еліміздің танымал жəне жас буын өнерпаздары бас қосады. Фестиваль Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Биылғы іс-шара New Level Traditions тұжырымдамасымен өтеді. Ұйымдастырушылар дəстүрлі мəдениетті бүгінгі музыкалық бағыттармен сабақтастырып, оны жастарға заманауи форматта ұсынуды көздейді. Фестивальдің хедлайнері – Ninety One тобы. Сондай-ақ көрермен алдында Жанар Дұғалова, Қайрат Баекенов, Ayree, Qanay, ARSHAT, Kalifarniya, SABIRKIN, QADYRBAYEV жəне Абзал Утешов өнер көрсетеді.

Фото: ULY DALA FEST

Осылайша, ULY DALA FEST бір алаңда əртүрлі жанрда өнер көрсететін қазақстандық орындаушыларды жинайды. Бағдарламада эстрада өкілдерімен қатар кейінгі жылдары жастар арасында танымал болған жаңа буын музыканттары да бар. Дəл осы фестивальдің артында бірнеше жыл бойы қалыптасқан идея, отандық мəдениетке деген көзқарас жəне қазақтың ұлттық эстетикасын заманауи форматта көрсетуге деген ұмтылыс жатыр. Бұл тек қана бір күндік концерт емес, оның форматы да, миссиясы да əлдеқайда кең.

ULY DALA fest идеясын фестиваль ұйымдастырушылары Байғали Жуман мен Ақмейрім Азаматқызы осыған дейін 4 жыл бойы «Байspace» аясында қолөнершілер мен отандық брендтерге арналған жəрмеңкелер ұйымдастырылып келген. Осы уақыт аралығында жоба шағын кəсіп иелеріне өз өнімдерін таныстыруға, алғашқы клиенттерін табуға жəне кəсіптерін дамытуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Жəрмеңкелердің басты ерекшеліктерінің бірі ұлттық мəдениет пен заманауи эстетиканы қатар алып жүру еді.

«Байspace» жəрмеңкелерінің ауқымы да уақыт өте келе өсе түсті. Ашық алаңдардағы ірі форматтағы шаралар арқылы ұйымдастырушылар тек сауда алаңын емес, адамдар уақыт өткізгісі келетін, жаңа дүниелермен танысып, шығармашылыққа шабыт алатын орта қалыптастыруға тырысты. Соның нəтижесінде бірнеше жыл бұрын ULY DALA fest идеясы дүниеге келді. ULY DALA fest туралы идея ұйымдастырушылардың ойында шамамен үш жылдан бері қалыптасып келеді. Ал соңғы бір жылда жобаға нақты дайындық басталған. Фестивальдің негізгі мақсаты – музыка, визуалды контент жəне заманауи мəдениет арқылы ұлттық құндылықтарды жаңа буынға жақын форматта жеткізу.

Ұйымдастырушылар үшін ұлттық мəдениет тек өткеннің мұрасы емес. Ол бүгінгі күннің де бір бөлігі. Сондықтан фестиваль қазақ мəдениетін тек дəстүрлі элементтер арқылы емес, заманауи музыка, сəн, визуал, шығармашылық индустрия жəне жаңа форматтағы демалыс арқылы көрсетуді көздейді. Бұл жерде қазақ музыкасы жай ғана концерттік бағдарлама ретінде емес, ұлттық эстетиканың бір көрінісі ретінде қарастырылады. ULY DALA fest концепциясының негізгі миссияларының бірі –- қазақ тілін, қазақ музыкасын, ұлттық өнерді жəне мəдени мұраны тек арнайы мерекелерде немесе дəстүрлі шараларда ғана емес, күнделікті заманауи мəдениеттің бір бөлігі ретінде қабылдауға болатын орта қалыптастыру. Сондықтан фестивальдің мазмұны музыкамен ғана шектелмейді. Оның əлеуметтік желідегі визуалынан бастап, сахна безендірілуі, шығармашылық аймақтары, отандық брендтердің қатысуы жəне фестиваль атмосферасының өзі біртұтас концепцияға бағынады.

ULY DALA fest – ұлттық мəдениеттің жаңа буынға арналған заманауи формасын іздейтін жоба. Бұл жолы фестиваль жабық кеңістікте ұйымдастырылғанымен, негізгі идея сақталады: музыка, заманауи визуал, ұлттық эстетика жəне мыңдаған көрерменді бір ортаға біріктіретін атмосфера. Фестиваль бағдарламасында қазақ эстрадасының танымал орындаушылары өнер көрсетеді. Кеш барысында жанды дауыстағы концерттік бағдарлама, арнайы сахналық шоу, жарық пен визуалды эффектілер ұсынылады.

Ал фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі – 360° форматындағы сахна. Көрермен сахнаны жан-жағынан тамашалай алады. Бұл концертті жай ғана алыстан тамашалау емес, сахнадағы энергияның бір бөлігіне айналуға мүмкіндік беретін формат.

Жоспар бойынша даладағы фестиваль 10 сағаттан астам уақытқа Келушілерді түрлі интерактивті аймақтар, ойындар, шығармашылық алаңдар жəне гастрономиялық кеңістіктер күтеді. 20-дан астам фудзона мен гастроаймақ, ұлттық тағамдар мен қымыз ұсынылатын ерекше Welcome Zone, қолөнершілерге арналған Art City, шеберлік сабақтары жəне отандық брендтер жиналатын Nomad Market ұйымдастыру жоспарланған.

Фестиваль аумағында еліміздің танымал брендтері өз инсталляцияларын орналастырып, өнімдерін таныстырып, келушілер үшін арнайы белсенділіктер өткізеді. Ал күннің соңында даладағы үлкен сахнада қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары қатысатын жанды дауыстағы шоу өтеді. Яғни, адам фестивальге тек концерт көру үшін емес, бір күнін ерекше атмосферада өткізу үшін келеді.

Астана
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті
Next Article Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

Оқи отырыңыз...

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202623

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026718

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026781

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.