Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Гренландияда АҚШ-тың екі әскери базасы пайда болмақ
Саясат

Гренландияда АҚШ-тың екі әскери базасы пайда болмақ

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы22.09.20264
Фото: depositphotos.com

АҚШ Гренландияның оңтүстігіндегі әскери базаны қалпына келтіріп, аралдың шығыс жағалауында тағы бір база ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бірінші база аралдың оңтүстігіндегі Нарсарсуак елді мекенінде орналасады. Мұнда бұған дейін АҚШ пен КСРО арасындағы текетірес кезеңінде америкалық Blue West One әскери базасы болған. Екінші нысан Гренландияның шығыс жағалауындағы Местерсвигте ашылады. Қазір бұл аумақты Данияның «Сириус» арнайы жасағы пайдаланады.

Базаларды ашу АҚШ, Дания және Гренландия арасында жасалатын жаңа келісімде қарастырылған. Құжатқа 22 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында қол қою жоспарланған. Келісім Гренландия мен АҚШ-тың қауіпсіздігін күшейтуге және Арктика қауіпсіздігіне НАТО-ның жауапкершілігін арттыруға бағытталған. АҚШ пен КСРО арасындағы текетірес кезеңінде АҚШ-тың Гренландияда 17 әскери нысаны болған.

Қазір аралда шамамен 150 америкалық әскери қызметші орналасқан Питуффик ғарыш базасы ғана жұмыс істейді. 19 қыркүйекте АҚШ, Дания және Гренландия келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Дональд Трамп құжат Вашингтонға аралдың қауіпсіздігін тұрақты бақылауға мүмкіндік беретінін айтты. Ал Дания премьер-министрі Метте Фредериксен келісім Гренландияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ оның халқының өзін-өзі анықтау құқығын мойындайтынын атап өтті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article7 жастағы бала 12 балл жинау керек: Оқу-ағарту министрлігі 2-4 сыныпта аралық бағалау қалай жүргізілетінін түсіндірді
Next Article «Куконям»: Жұмабек Жанықұл екінші әйелі Динара Сәтжанды туған күнімен ерекше құттықтады

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

30.09.202610

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады

30.09.202614
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026700

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202611

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026179

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026150

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.