Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Әлемдегі ең қуатты он экономикалық елдің қатарына енуіміз керек — Қайрат Закирьянов
Жаңалықтар

Әлемдегі ең қуатты он экономикалық елдің қатарына енуіміз керек — Қайрат Закирьянов

НұрланНұрлан27.11.20266
Фото: Мұзтау медиа

Тұжырымдама авторлары ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударған. Мәселен, өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатын арттыруды және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды басты мақсаттардың бірі ретінде белгіледі. Кейін бұл бағыттағы ұстанымдар мемлекеттің дамуына ықпал етті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония да сапа мен технологиялық дамуды ұлттық басымдыққа айналдырды. «Жапонияда жасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағида елдің өндірістік және экономикалық дамуына бағыт берді.

Ал Қазақстанда ұлттық идеяның негізі ел бірлігі мен ортақ құндылықтарды нығайтуға бағытталды. Тұжырымдамада Тәуелсіздік жылдарындағы тұрақтылық пен ұлтаралық келісім осы бағыттағы маңызды жетістіктер ретінде көрсетілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамытуға басымдық беру туралы ұстанымы да жаңа кезеңдегі ұлттық даму моделінің негізгі бағыттарының бірі ретінде ұсынылған.

-Мұнайды өз бағасынна мың есе арзанға сатып жатырмыз. Сондықтан біздің Президент бүгінде тек бензин ғана емес, мұнайдан шығатын өзгеде заттарды шығаруымыз керек деп отыр. Ең бастысы адами капитал. Біз ауқымды жұмыс істеп жатырмыз, университет ең талантты спортыш балаларды таппақшымыз. Таланттылар жақсы білім алу керек. Тоқаев адами капитал елдің ең басты байлығымыз. Біз ауқымды жұмыс істеп, спорт саласында Гарвард университетіне айналмақшымыз, — деді Закирянов.

Қазақ спорт және туризм академиясының жоспары қандай?

Ұлттық идеяны жүзеге асыруға білім беру және спорт саласының да үлесі зор. Осы бағытта Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты ауқымды бағдарлама бекітілген.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – Академияны әлемдегі жетекші спорт университеттерінің біріне айналдыру. Бұл үшін білім беру сапасын арттыру, заманауи жаттығу әдістемелерін енгізу және халықаралық деңгейдегі мамандар даярлау көзделген.

Тұжырымдамада болашақта әлемнің әртүрлі елдерінен студенттерді тарту міндеті де қарастырылған. Академия халықаралық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті оқу орнына айналып, сапалы білім мен заманауи спорттық дайындық орталығы болуы тиіс.

Авторлардың пайымдауынша, мұндай мақсаттарға қол жеткізу адами капиталды дамытуға, елдің халықаралық беделін арттыруға және Қазақстанның білім мен спорт саласындағы әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.

«Спорттық Гарвардқа» айналу және «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияның қатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада Ғылыми кеңесте бекітілген.

Тұжырымдаманың әзірлену мерзімі 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленсе, ұлттық идеяны іске асырудың межелі уақыты – 2050 жыл.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қ. Закирьяновтың пікірінше, елдің болашағы ең алдымен адами капиталдың сапасына байланысты. Сондықтан білімді, дені сау, кәсіби білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұлттық дамудың маңызды шарты саналады.

Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Росатом» Балқаш АЭС құрылысына жетекшілік етеді – Тоқаев
Next Article Түрксіб ауданындағы 12 демалыс орталығы жасөспірімдерге үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді

Оқи отырыңыз...

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.20260

Көкшетауда аурухана аумағынан ер адамның денесі табылды

27.11.20260

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.20260

Көкшетауда аурухана аумағынан ер адамның денесі табылды

27.11.20260

«Бетіне түкіріп кетті»: Продюсер Дариға Бадықова кинотеатрда ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтты

27.11.202613

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.20261

Жерар Депардье жас актрисаны зорлады деген айыппен сотқа тартылмақ

27.11.20265

Жамбыл облысында соққыға жығылған әйел ауруханада көз жұмды

27.11.20261

«Қамқоршым, қорғаным»: семейлік екі асаба Абай облысының әкіміне арнап ән шығарды

27.11.202618

Түрксіб ауданындағы 12 демалыс орталығы жасөспірімдерге үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді

27.11.20261

Әлемдегі ең қуатты он экономикалық елдің қатарына енуіміз керек — Қайрат Закирьянов

27.11.20266

«Росатом» Балқаш АЭС құрылысына жетекшілік етеді – Тоқаев

27.11.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

imunify-bot-check