Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»комитет»Инклюзия — есептегі цифр ма, әлде тең мүмкіндік пе: Қазақстанда квоталар неге орындалмай отыр және шешімді қайдан іздеу керек?
комитет

Инклюзия — есептегі цифр ма, әлде тең мүмкіндік пе: Қазақстанда квоталар неге орындалмай отыр және шешімді қайдан іздеу керек?

НұрланНұрлан09.11.202610
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда Үкіметтің №1143 қаулысымен бекітілген 2025–2030 жылдарға арналған Инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты — мүгедектікке қатысты дәстүрлі медициналық көзқарастан бас тартып, халықаралық конвенцияларға сәйкес әлеуметтік және құқықтық модельге толық көшу туралы әлеуметтанушы Толқын Сәметова пікірін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Ресми есептерде инклюзивті білім беруді енгізген мектептердің үлесі артып келе жатқаны көрсетілген.

Алайда нақты көрсеткіштерді саралау интеграция тетіктерінде жүйелі мәселелер бар екенін аңғартады. Әкімшілік есептердегі оң динамика әрдайым шынайы әлеуметтік инклюзияның қалыптасқанын білдірмейді. Ал бұл бағытта нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жаңа ведомстволық есептер ғана емес, экономикалық ынталандыру жүйесін және шешім қабылдау тетіктерін түбегейлі өзгерту қажет.

Нақты жағдай: интеграция тізбегі қай тұста үзіліп тұр?

1. Білім беру: формалды қамту және мамандар тапшылығы

Мектептердің басым бөлігі инклюзивті білім беруге дайын екенін мәлімдегенімен, іс жүзінде оқу үдерісі бейінді мамандардың тапшылығына тіреліп отыр. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беру логопед, дефектолог, тифлопедагог және сурдопедагог мамандарының үйлесімді жұмысын талап етеді.

Өңірлердегі кадр тапшылығы салдарынан инклюзия көбіне формалды сипатта қалып отыр. Бала жалпы сыныпта білім алғанымен, оқу үдерісі оның жеке қажеттіліктеріне бейімделмейді. Ал негізгі жүктеме арнайы даярлығы мен тар бейінді мамандануы жеткіліксіз педагог-ассистенттерге түседі.

2. Еңбек нарығы: квоталардың орындалмауы және арнайы жұмыс орындарының тапшылығы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, штат саны 50 адамнан асатын кәсіпорындарда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми статистикасы еңбек нарығындағы жағдайдың күрделі екенін көрсетеді. Республика бойынша 2,6 мың жұмыс берушіге 16,7 мың жұмыс орны көлемінде квота белгіленген. Алайда мансап орталықтарына жүгінген 29,5 мың адамның тек 10,5 мыңы ғана жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына орналасқандар саны — 5 022 адам.

Бұған қоса, өңірлерде квоталық жұмыс орындарын белгілеу кезінде де елеулі кемшіліктер кездеседі. Мәселен, Алматы облысында белгіленуге тиіс 963 жұмыс орнының орнына бастапқыда небәрі 97 орын ғана бекітілген.

Қазіргі жағдайда кейбір жұмыс берушілер үшін квотаны орындамай, әкімшілік айыппұл төлеу немесе мүгедектігі бар адамдарды төмен білікті жұмыстарға ғана тарту тиімдірек болып отыр. Мұндай тәсіл кәсіби білімі мен зияткерлік әлеуеті жоғары азаматтардың еңбек нарығына толыққанды араласуына кедергі келтіреді.

Инклюзия және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы

Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаты — азаматтардың, әсіресе әлеуметтік осал топтардың шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысуын қамтамасыз ету. Алайда инклюзия саласында бұл қағидат әлі де толыққанды жүзеге асып отырған жоқ.

«Халықтың үніне құлақ асу» — азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жауап берумен ғана шектелмеуі керек. Бұл — инфрақұрылымды жобалау, қоғамдық кеңістіктерді жоспарлау және бюджетті бөлу кезеңдерінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың сарапшылық пікірін ескеру деген сөз.

Мәселен, зағип адамдардың қатысуынсыз төселген тактильді жолақтар немесе арба пайдаланатын азаматтармен кеңеспей салынған талапқа сай емес пандустар — мемлекеттік органдардың әлі де мазмұннан гөрі сыртқы көрініске басымдық беретінін көрсетеді.

Мүгедектігі бар адамдарды тек әлеуметтік көмек алушылар ретінде қабылдау көзқарасынан арылу қажет. Қолданыстағы заңнамада қажетті талаптар болғанымен, оларды іске асыруда қалыптасқан ескі тәсілдерден бас тарту оңай болмай отыр. Сондықтан инклюзивті саясаттың тиімділігі азаматтарды қамқорлық нысаны ретінде емес, шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыруға тең құқылы қатысушылар ретінде мойындауға байланысты.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі: мәселені төменнен жоғары қарай шешу

Инклюзия — министрліктердің кабинеттерінде ғана талқыланатын мәселе емес. Оның нақты нәтижесі ауылда, ауданда, қала көшелері мен тұрғын үйлердің аулаларында көрініс табуы керек. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару институттары мен жергілікті қоғамдастықтардың рөлін күшейту маңызды.

Бұл бағытта бірнеше тетікті қарастыруға болады.

Біріншісі — қатысу бюджеті (партисипаторлық бюджет).

Аудандық әкімдіктер мен жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде бюджетті бөлу кезінде абаттандыруға қарастырылған қаражаттың белгілі бір бөлігін, мысалы, кемінде 10 пайызын инклюзивті инфрақұрылымға бағыттау міндетін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Оған кедергісіз жаяу жүргіншілер өткелдері, қолжетімді балалар және спорт алаңдары, арнайы жабдықталған қоғамдық кеңістіктер жатады.

Сонымен қатар бюджетті жоспарлау кезінде гендерлік және әлеуметтік инклюзия қағидаттарын ескеру маңызды.

Екіншісі — қоғамдық бақылау және сарапшылық бағалау құқығы.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар арасынан құрылған белсенді топтарға жаңадан салынған әлеуметтік және коммерциялық нысандардың қолжетімділігін бағалауға қатысу құқығын беру қажет.

Егер нысан кедергісіз орта стандарттарына сәйкес келмесе, анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін оны пайдалануға қабылдау мәселесін қайта қарау тетігі қарастырылуы тиіс.

Осындай тәжірибе жергілікті деңгейде тиімді қазақстандық шешімдердің қалыптасуына жол ашып, кейін оларды басқа өңірлерге таратуға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе: Қазақстанға қандай модельдер қажет?

Мүгедектігі бар адамдарды жәрдемақы алушылар қатарында ғана қалдырмай, экономиканың белсенді қатысушыларына айналдыру үшін халықаралық тәжірибедегі тиімді тетіктерді енгізу қажет.

Германия: квотаны орындамағаны үшін өтемақы төлеу жүйесі (Ausgleichsabgabe).

Германияда штатында 20 немесе одан да көп қызметкері бар жұмыс берушілер жұмыс орындарының 5 пайызын ауыр мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға бөлуге міндетті. Квота орындалмаған жағдайда жұмыс беруші әрбір бос орын үшін ай сайын белгіленген мөлшерде өтемақы төлейді. Оның көлемі квотаның орындалу деңгейіне қарай 155-тен 815 еуроға дейін өзгереді.

Бұл қаражат жалпы мемлекеттік бюджетке түспейді. Ол арнайы мақсаттарға бағытталып, жұмыс орындарын бейімдеуге, еңбек жағдайларын жақсартуға және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қолдауға жұмсалады.

Қазақстан үшін ұсыныс: квотаны орындамағаны үшін өндірілетін айыппұлдар мен өтемақыларды әлеуметтік кәсіпкерлікті және инклюзивті жұмыспен қамтуды қолдауға арналған нысаналы қорға бағыттау мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ұлыбритания: Access to Work бағдарламасы.

Ұлыбританияда жұмыс берушілерге мүгедектігі бар қызметкерлердің жұмыс орнын бейімдеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарлама бар. Оның аясында нақты қажеттілікке қарай экраннан ақпарат оқитын бағдарламаларды (скринридерлер) сатып алу, ымдау тілі аудармашыларының қызметіне ақы төлеу және жұмыс орнын эргономикалық тұрғыдан бейімдеу шығындары өтелуі мүмкін.

Мұндай қолдау жұмыс берушінің қаржылық жүктемесін азайтып, мүгедектігі бар мамандардың еңбек нарығына араласуына жағдай жасайды.

Қазақстан үшін ұсыныс: мүгедектігі бар адамдардың, әсіресе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейту мақсатында экраннан ақпарат оқитын лицензиялық бағдарламалар мен арнайы IT-шешімдерді сатып алуға атаулы субсидиялар енгізу қажет.

АҚШ: мемлекеттік сатып алудағы AbilityOne бағдарламасы.

АҚШ-та AbilityOne бағдарламасы мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтитын арнайы ұйымдарға мемлекеттік сатып алу арқылы тұрақты нарық қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама аясында федералдық мемлекеттік органдар белгілі бір тауарлар мен қызметтерді осы жүйеге қатысатын ұйымдардан сатып алады. Мұндай ұйымдарда тікелей еңбек сағаттарының кемінде 75 пайызы зағип немесе басқа да ауыр мүгедектігі бар қызметкерлердің үлесіне тиесілі болуы керек.

Бұл модель әлеуметтік кәсіпорындарға тұрақты тапсырыс беріп қана қоймай, олардың экономикалық тұрғыдан дербес дамуына мүмкіндік жасайды.

Қазақстан үшін ұсыныс: «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнама аясында талаптарға сәйкес келетін әлеуметтік кәсіпорындар үшін белгілі бір тауарлар мен қызметтер бойынша арнайы сатып алу тетіктерін немесе міндетті квоталарды енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қазақстанда инклюзивті саясаттың нормативтік-құқықтық негізін қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Алайда заңдар мен тұжырымдамалардың көп болуы өздігінен нақты әлеуметтік нәтижеге кепілдік бермейді.

Ендігі міндет — формалды көрсеткіштерден нақты өзгерістерге көшу. Ол үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру, мүгедектігі бар азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тарту, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүмкіндіктерін кеңейту және орындалмаған квоталар үшін төленетін қаражатты мақсатты қолдау тетіктеріне бағыттау қажет.

Сонымен қатар цифрлық экономиканың мүмкіндіктерін пайдаланып, IT, маркетинг, деректерді талдау және басқа да салаларда қашықтан жұмыс істеуге жағдай жасау маңызды. Бұл қалалық ортаның физикалық кедергілерін азайтып қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың кәсіби әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Инклюзияның шынайы өлшемі — қанша мектептің есепте инклюзивті деп танылғаны немесе қанша квотаның белгіленгені емес, әр адамның білім алуға, жұмыс істеуге және қоғам өміріне тең дәрежеде қатысуына қаншалықты мүмкіндік жасалғаны.

инклюзия
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жоқшылықтан көшеде ән айттым»: жақында тұрмысқа шыққан Дариға Бадықова бала кезін есіне алып, жылады (ВИДЕО)
Next Article Президент Азия чемпиондары мен параспортшыларға құрмет көрсетті

Оқи отырыңыз...

Ғылымға миллиардтар бөлінеді, нәтиже төмен: ғалым мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын айтты

12.11.202610

«Балаға қандай контет ұсынып жүрміз?»: маман оқушылар мен жастардың санасын қалыптастырудың жолын жіктеді

11.11.20265

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру көлемі соңғы жеті жылда 9 есеге жуық өсті

11.11.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.202624

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.20264

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20263

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202617

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202677

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202689

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202661

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202642

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.