Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Көрермен күлкі мен көңіл көтеруді таңдайды»: Баян Алагөзова Ақан Сатаевтың киносына баға берді
Шоу бизнес

«Көрермен күлкі мен көңіл көтеруді таңдайды»: Баян Алагөзова Ақан Сатаевтың киносына баға берді

НұрланНұрлан26.11.202680
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы режиссер Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильміне көрерменнің аз жиналуына қатысты пікір білдірді. Ол отандық кино нарығында комедияларға сұраныс жоғары екенін айтып, көрермен талғамы уақыт өте өзгеретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Баян Мақсатқызы Instagram парақшасындағы сторисінде Атырау қаласындағы кинотеатрлардың бірінде Ақан Сатаевтың фильмін тамашалауға келген аз ғана көрерменмен кездескені туралы видеоға пікір білдірді.

Продюсер осы жағдайды қазақстандық аудиторияның кино таңдауымен байланыстырып, өзінің шығармашылық тәжірибесін де еске алды.

«Үш жыл бұрын біздің команда ашаршылық туралы фильм түсірді. Мен оны прокатқа шығаруды тіпті ойлаған жоқпын. Ал Ақан батылырақ болып шықты, осындай туындымен көрермен алдына оралды. Менің ойымша, біздің аудиторияның жетілуі үшін әлі біраз уақыт қажет», – деп жазды ол.

Баян Мақсатқызының айтуынша, қазақстандық кино нарығында комедия жанры басым болғандықтан, көрермен де көбіне осындай фильмдерді таңдайды.

«Жүздеген қазақстандық фильмнің басым бөлігі комедия болғандықтан, аудитория да комедияны таңдайды. Бұл түсінікті. Біз әлі өте жаспыз, көрерменде таңдау, бағалау, талдау және саралау мәдениеті толық қалыптасып үлгерген жоқ», – деді продюсер.

Сонымен қатар ол көрерменнің кинотеатрға көбіне көңіл көтеру үшін баратынын атап өтті. Дегенмен кәсіби режиссерлердің еңбегі бұл үрдісті өзгерте алады деп санайды.

«Әр кадрынан шынайылық, ұлттық қасірет пен трагедия сезілетін нағыз кино түсірілгенде, көрермен күліп, көңіл көтеруді таңдайды. Әзірге көрермен әсер алу үшін ақша төлейді: келді, күлді, ұмытты. Бірақ мен көрермен талғамын біртіндеп өзгертіп жүрген нағыз кәсіби мамандарға сенемін. Бүгін он көрермен болса, ертең жүз болады», – деді ол.

Жазбасының соңында Баян Мақсатқызы Ақан Сатаевқа қолдау білдіріп, оның кино түсірудегі батылдығы мен өнерге деген сүйіспеншілігін атап өтті.

актриса баян алагөзова продюсер
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Енді бәрі басқаша»: «Кешью» тобының бұрынғы солисі қара жамылды
Next Article Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа орден тақты

Оқи отырыңыз...

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026163

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026179

«Менің күйеуім жыртып жатыр»: Бадықова күйеуін асыра мақтаймын деп сынға қалды (ВИДЕО)

29.11.202632
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18 жастағы жастардан 105 жастағы ардагерге дейін: Қазақстан мәслихат сайлауында дауыс берді

29.11.20260

Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласы: Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

29.11.20263

Мәслихат депутаттарын сайлау әр буын мен түрлі сала мамандарының белсенді қатысуымен өтіп жатыр

29.11.20261

«Өзімді кінәлаймын»: Жанаргүл Жаныаманова баласының қазасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

29.11.2026163

«Әке жолын қума»: Мөлдір Мұқанның 18 жасқа толған қызына айтқан сөзі талқыға түсті (ФОТО)

29.11.2026179

Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді

29.11.20260

Олжас Бектенов мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20260

«Қасақана қойылған өрт»: Алматыда бес адам қаза тапқан үйдің иесі күдікті туралы айтты

29.11.20266

Мемлекет басшысы мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді

29.11.20261

Илон Маск бір тәулікте 39,7 миллиард долларға байыды

29.11.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.