Желі белсендісі Гала Бақтыбай әлеуметтік желідегі жазбасында ер адам үшін бір-бірімен бәсекелесетін әйелдерге қатысты пікір білдірді. Ол мұндай әрекетті түсіне алмайтынын айтып, әйелдерді өзара тартысқа түспеуге шақырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Белсенді өзінің жазбасында ер адамның өткінші өмірі үшін әйелдердің уақытын сарп етіп, бір-бірімен жанжалдасуын сынға алған.

«Өлсе 2 сағаттан соң шіріп құрт құмырысқаға жем боп жататын еркектің бұты үшін алысуға өмірін арнайтын әйелдерді ешқашан түсінбей өтсем керек. Жетедіғой бәріңе бөлісіп өмір сүре берсе қайтеді екен?» – деп жазды Гала Бақтыбай.

Оның бұл пікірі әлеуметтік желідегі әйелдер арасындағы қарым-қатынас, қызғаныш пен ер адам үшін болатын тартыстар тақырыбын қайта көтерді. Белсендінің жазбасы желі қолданушыларының назарын аударды.

Share.
Exit mobile version