Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы «Өр Алтай – түркілердің атамекені» конференция қатысушыларын құттықтады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Өр Алтай – түркілердің атамекені» конференция қатысушыларын құттықтады

НұрланНұрлан26.09.202610
Фото: gov.kz

25 қыркүйекте Бурабайда Қазақстан мен шетелден келген жетекші ғалымдар, тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, шығыстанушылар және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген «Өр Алтай – түркілердің атамекені» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп жазады  Muztaumedia.kz.  

Конференцияға қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оқып берді.

Өз құттықтауында Президент Алтайдың тарихи және мәдени маңызына айрықша тоқталып, оның түркі әлемінің қалыптасуы мен Орталық Еуразия халықтарының өркениеттік мұрасындағы рөлін атап өтті.

«Ұлан-ғайыр жерді алып жатқан және сан алуан мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан Алтай түркі әлемінің алтын бесігі ретінде адамзат тарихында айрықша орын алады. Бұл аймақ мыңдаған жылдар бойы Алтай өркениетінің орталығы саналған. Дәл осы кең байтақ мекенде Орталық Еуразия халықтарына тән дүниетаным дәстүрі, өзара үндес тілдер мен мәдениеттер шоғыры пайда болды», – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауын Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің гуманитарлық саладағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы Владимир Бочарников жеткізді.

Құттықтауда конференцияның ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, түркітану мен алтаистика салаларындағы зерттеулерді ілгерілетуге, сондай-ақ Еуразия халықтарының рухани мұрасын сақтауға қосып отырған үлесі атап өтілген.

«Биыл конференция алғаш рет Ресейден тыс жерде – Қазақстанда өтіп отырғанын атап өткім келеді. Өткен жылдар ішінде конференция халықаралық деңгейде елеулі беделге ие болып, өз мақсаттары төңірегіне әртүрлі елдердің ғалымдарын, мәдениет қайраткерлерін, білім беру саласының өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерін, сондай-ақ танымал мамандарды біріктірді. Алдыңғы кездесулердің игі дәстүрін жалғастыра отырып, биылғы конференция сындарлы әрі өзара қызығушылыққа негізделген пікірталас алаңына айналып, өңіраралық және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобалардың негізін қалайды деп сенемін», – деді Владимир Бочарников Ресей Президентінің құттықтауын оқи отырып.

Конференцияға қатысушыларға сондай-ақ Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содномсамбуу Дэмбэрэл және Ресей Ғылым академиясының вице-президенті, Ресей Ғылым академиясы Археология институтының директоры Николай Макаров құттықтау сөздерін арнады.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Германия, Швеция, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Болгария, Бельгия және АҚШ-тың жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының, зерттеу институттары мен академиялық қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында танымал тарихшылар, археологтар, түркітанушылар, тіл мамандары мен этнографтар бар.

Іс-шараның мақсаты – түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын талқылау, түркі өркениетінің қалыптасуындағы Өр Алтайдың рөлін зерделеу, сондай-ақ тарих, археология, тіл білімі, этнография және білім беру салаларындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

Конференция түркі өркениетінің бастауын зерделеуге бағытталған халықаралық ғылыми диалогты жалғастырды. Алғашқы екі конференция 2024 және 2025 жылдары Ресей Федерациясының Алтай Республикасында өтті.

Үшінші конференцияны Қазақстанда өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы қаңтарда Ұлттық құрылтайдың отырысында жариялаған болатын. Президент жалпы түркі өркениетін зерттеудің маңыздылығына тоқталып, ресейлік әріптестермен және басқа да елдердің өкілдерімен бірлесіп халықаралық конференция өткізу жоспарланғанын атап өтті.

Пленарлық отырыста Ботай мәдениетінің дала өркениетінің феномені ретіндегі ерекшелігі, түркі тілдерінің дамуы, Батыс Түрік және Хазар қағанаттарының тарихи сабақтастығы, сондай-ақ көне түркі дәстүріндегі қаған бейнесінің киеленуі туралы ғылыми баяндамалар ұсынылды.

Тақырыптық секциялар барысында ғалымдар түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, түркі мемлекеттері мен қауымдастықтарының қалыптасу үдерістерін, тілдердің және көне түркі жазуының даму ерекшеліктерін қарастырды. Өр Алтай аумағындағы тарихи үдерістерді зерделеуге мүмкіндік беретін археологиялық материалдарға, сондай-ақ өңір халықтарының этномәдени байланыстарына, дәстүрлеріне және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тілдік байланыстар мен түрлі этномәдени топтардың өзара ықпалдастығы, тарихи жады және Алтын Орда мұрасы талқыланды.

Секциялық пікірталастар зерттеу нәтижелерін салыстыруға, ғылыми ұстанымдармен алмасуға, сондай-ақ Өр Алтайдың тарихын, археологиясын, тіл білімі мен мәдениетін одан әрі зерделеудің перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар түркі әлеміне қатысты тарихи-мәдени үдерістерді кешенді зерттеуді жалғастыру және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше мән берді.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ғылыми жұмыстың одан арғы негізгі бағыттарын айқындайтын резолюция қабылдады. Құжатта Алтайдың тарихи-мәдени мұрасын, оның ішінде түркі халықтарының этногенезі мен түркі мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлін кешенді зерттеуді жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен зерттеулер, экспедициялар мен халықаралық ғылыми іс-шараларды дамытуға, олардың нәтижелерін халықаралық ғылыми кеңістікке шығаруға ерекше назар аударылды. Резолюцияның жекелеген тармақтары түркі халықтарына ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерделеу, ғылыми-ағартушылық бастамаларды дамыту, сондай-ақ конференция материалдарын ғылыми жинақ түрінде жариялауға бағытталды.

конференция Ресей
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқтауға жаңа әкім сайланды
Next Article Каспий трагедиясы: Дәурен Қосанов ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан қуылды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026792

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026231

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026183

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.