Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаев жеті жылдағы Қазақстанның негізгі көрсеткіштерін атады
Басты ақпарат

Тоқаев жеті жылдағы Қазақстанның негізгі көрсеткіштерін атады

НұрланНұрлан24.09.20264
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында елдің соңғы жеті жылдағы экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Президенттің айтуынша, азаматтар жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижесін көріп отыр.

«Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асқанын атап өтті. Оның айтуынша, осы кезеңде Қазақстан экономикасына 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған.

Сонымен қатар шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқан.

Тоқаев тұрғын үй құрылысына да тоқталып, Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынатынын айтты.

Білім беру саласында 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынған.

Президент азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткенін атап өтті. Сондай-ақ осы кезеңде 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылған.

Инфрақұрылымға қатысты Мемлекет басшысы 35 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынып, жөнделгенін айтты.

«Мұның бәрін тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш деуге болады», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енген.

Ақорда кеңес отырысы Тоқаев Үкімет үкімет отырысы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Шатыр өздігінен құлаған жоқ»: ҚазҰУ Студенттер сарайындағы жұмыстарға түсініктеме берді
Next Article Тоқаев: 2035 жылға дейін Қазақстанға 2,9 млн маман қажет болады

Оқи отырыңыз...

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20261

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

18.11.20260

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

18.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды

18.11.20261

«Кітап оқитын ұлт» марафонында елордалық оқушылар үздік нәтиже көрсетіп жүр

18.11.20260

«Төрт сағат бойы жолда жатқан»: Қарағанды облысында оқушыны көлік қағып өлтірді

18.11.20261

«Маған десе, он әйел алсын»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы елді шулатқан жазба жариялады

18.11.202640

«Тойған сайын құтырады»: Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы әкесінің тоқалына шүйлікті

18.11.2026157

Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 000 теңгеге жеткізетін заңды қабылдады

18.11.20262

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20264

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026628

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026277

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202622

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.