Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жалдамалы пәтердегі жанжал: Алматыда жас жігіт бірге демалып жатқан сүйіктісін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Жаңалықтар

Жалдамалы пәтердегі жанжал: Алматыда жас жігіт бірге демалып жатқан сүйіктісін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

НұрланНұрлан05.10.202657
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 24 шілдеде алтыншы қабаттан құлап қаза болған 2004 жылы туған Сана Нұржанованың өліміне қатысты күдікке ілінген Сейдулла Даниалдың туыстары, адвокаты және достары баспасөз мәслихатын өткізді. Олар сотқа дейінгі тергеудің объективті жүргізілмей жатқанын айтып, Сейдулланың құқықтары бұзылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Оқиға 24 шілдеде Алматының Әуезов ауданында болған. Сағат 04:54-те полицияға №1 шағынаудан, 77/3 үйдің алтыншы қабатынан қыздың құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Жедел жәрдем келгенге дейін қыз көз жұмған.

Полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу барысында марқұмның Сана Нұржанова екені анықталған. Ол оқиға кезінде жігіті Сейдулла Даниалмен бірге жалдамалы пәтерде болған.

Қорғау тарапының мәліметінше, бастапқы кезеңнен-ақ Сейдулла тергеуге көмектесіп, жауап алу кезінде өзіне белгілі мән-жайларды баяндаған және кінәсіз екенін айтқан. Сондай-ақ ол тергеуден жасырынбағанын және ұялы телефонын зерттеу үшін өз еркімен бергенін жеткізді.

8 тамызда Сейдуллаға қатысты күдік қайта сараланған. Оған Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігі және 110-бабы 2-бөлігі бойынша күдік келтірілген. Қорғау тарапының айтуынша, жаңа күдіктің мәні Сейдулла мен оның адвокатына тиісті тәртіппен түсіндірілмеген.

Сол күні сот қаулысымен Сейдулла Даниал екі айға қамауға алынған. Оның қамауда ұстау мерзімі 6 қазанға дейін белгіленген.

Адвокат Николай Лигайдың сөзінше, қорғау тарапы тергеу барысында Сейдулланың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар анықталмаған деп есептейді.

«Процестік дәлел ретінде келтіріліп отырған күдіктің өзі тексерілмеген және жол берілмейтін дәлелдерге негізделген», – деді адвокат.

Даниалдың достары да оның қамауға алынуына қатысты алаңдаушылық білдірді.

Даниалдың досы Жангир Тумановтың айтуынша, Сейдулла тергеуден қашпаған және тергеу органдарымен ынтымақтастық орнатуға тырысқан.

Қорғау тарапының мәліметінше, тергеу барысында жәбірленуші тараптың өкілдеріне басымдық беріліп отыр. Олар бұл жағдай Сейдулланың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін деп санайды.

Даниалдың тағы бір досы Руслан Коржовтың сөзінше, Сейдуллаға қатысты істің объективті қаралуы маңызды.

Пресс-конференция барысында спикерлер Сейдулла Даниалды қамауға алудың мән-жайын, қылмыстық істің қайта саралану себептерін және тергеу нұсқасына негіз болған дәлелдерді жария түрде талқылады.

Олар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына сотқа дейінгі тергеудің объективті жүргізілуін қамтамасыз ету туралы үндеу жасады.

Сонымен қатар қорғау тарапы істің қоғам назарынан тыс қалғанына да алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, қылмысқа қатысты қалыптасқан тергеу нұсқасы бойынша Сейдулла Сана Нұржановты жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлаған деген күдікке ілінген. Алайда қорғау тарапы бұл нұсқамен келіспейді және істі жан-жақты тексеруді талап етеді.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша Сейдулла Даниалдың кінәсі сот үкімімен дәлелденген жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Алматы қонақ үй сот
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТәрелкеге жабысып қалған: сарбаздардың суық тамағына қатысты түсініктеме берілді
Next Article «Көп адамға жексұрын болдым»: Айнұр Тұрсынбаева Қайрат Нұртасқа қатысты оқиғаны еске алды

Оқи отырыңыз...

Қаржы бар, ал жасыл стартаптар қайда? Қазақстандағы климаттық жобалардың дамуына не тосқауыл?

05.10.20262

Мектептегі қылмыс: Жамбыл облысында баланы ұрған мұғалім қамауға алынды

05.10.202614

«Дұрыс ұйқы бермеді»: Талдықорғанда ер адам баласы жылағаны үшін әйелін аяусыз ұрып-соққан

05.10.202657
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады

05.10.20262

Қаржы бар, ал жасыл стартаптар қайда? Қазақстандағы климаттық жобалардың дамуына не тосқауыл?

05.10.20262

Мектептегі қылмыс: Жамбыл облысында баланы ұрған мұғалім қамауға алынды

05.10.202614

«Ойыңызды өзгертіңіз»: Танымал дизайнер Мақпал Жүнісовамен сөзге келді

05.10.202619

«Дұрыс ұйқы бермеді»: Талдықорғанда ер адам баласы жылағаны үшін әйелін аяусыз ұрып-соққан

05.10.202657

«Көп адамға жексұрын болдым»: Айнұр Тұрсынбаева Қайрат Нұртасқа қатысты оқиғаны еске алды

05.10.202658

Жалдамалы пәтердегі жанжал: Алматыда жас жігіт бірге демалып жатқан сүйіктісін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

05.10.202657

Тәрелкеге жабысып қалған: сарбаздардың суық тамағына қатысты түсініктеме берілді

05.10.202658

Тамаққа талас: Астанада дүкеннің ашылуына келген халық фуршет үстелін сындырды ВИДЕО)

05.10.202634

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20263

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.