Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жол апатынан ата-анасы қаза тапты: 8 айлық сәби мен 15 жастағы бала жетім қалды
Жаңалықтар

Жол апатынан ата-анасы қаза тапты: 8 айлық сәби мен 15 жастағы бала жетім қалды

НұрланНұрлан03.11.202690
Фото: ЖИ

Түркістан облысы Төле би ауданы Қаратөбе ауылында жол-көлік оқиғасынан ерлі-зайыпты қаза тауып, сегіз бала ата-анасыз қалды. Қазір ауыл тұрғындары мен марқұмдардың туыстары балалар тұратын үйді жөндеу үшін асар ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада балалардың ең кішісі небәрі 8 айлық, ал үлкені 15 жаста екені айтылады.

Кеше ғана сегіз бүлдіршін жетім қалды. Әке-шешесі жол апатынан қайтыс болды. Ең кішкентайы – 8 айлық сәби, үлкені – 15 жастағы қыз. Қазір ауылда асар жүріп жатыр. Ағайын-туыс, ауыл тұрғындары қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр, – дейді үндеу авторлары.

Олардың сөзінше, балалар тұратын үйде жылу жүйесі толық жасалмаған, газ тартылмаған. Сондықтан туыстары мен ауыл азаматтары баспананы тез арада жөндеп, балалардың тұруына қолайлы жағдай жасауға кіріскен.

Үндеу авторлары үйдегі жағдайды тиісті органдар тексеретінін айтып, балалардың туыстарының қамқорлығында қалуы үшін баспананы талапқа сай ету маңызды екенін жеткізді.

– Қазір бұл жерде құрылыс жүріп жатыр. Бауырлары, туыстары, ағайын-жекжаттары осы үйді аяқтауға жұмылып жатыр. Сегіз баланың өз ортасында, туыстарының қамқорлығында қалғанын қалаймыз, – делінген бейнежазбада.

Отбасына көмектесу үшін қайырымдылық қаражатын жинау да басталған. Үндеу жасаған азаматтар тұрғындарды құрылыс жұмыстарына қатысуға немесе мүмкіндігіне қарай қаржылай қолдау көрсетуге шақырды.

жол апаты түркістан
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҰлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді
Next Article Үсік, тұман: Елдің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.20262

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20261

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.20262

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20261

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықова жазбасымен бар шындығын жайып салды (ФОТО)

03.11.20266

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.20260

«Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты

03.11.202677

Актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды

03.11.20264

«Баламды ондай өтірікте өсіргім келмейді»: Дана Нұржігіт ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)

03.11.202655

Үсік, тұман: Елдің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

03.11.20264

Жол апатынан ата-анасы қаза тапты: 8 айлық сәби мен 15 жастағы бала жетім қалды

03.11.202690

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

02.11.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.