Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды
Жаңалықтар

Актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды

НұрланНұрлан03.11.20264
Фото: әлеуметтік желі

Қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, белгілі актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды Асқар Тоқпан атындағы театр ұжымы жеткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Өнер ордасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

«Қазақ өнерінің абыз ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, „Құрмет“ орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Мұқан Шәкірдің дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз», – делінген театр таратқан хабарламада.

Мұқан Шәкір саналы ғұмырын өнер саласына арнап, қазақ театр мәдениетінің дамуына үлес қосқан актерлердің бірі болды. Оның шығармашылық еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен марапатталған. Сондай-ақ өнер қайраткеріне Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағы берілген.

Актердің өмірден өтуі қазақ өнері үшін ауыр қаза болды. Марқұмның жақындары мен өнердегі әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз.

Мұқан Шәкіров – қазақ театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі актер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Ол 1945 жылы 14 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген.

1971 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық жолын Алматы облыстық театрында бастап, кейін Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет еткен.

1981 жылы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрына жұмысқа қабылданып, қырық жылдан астам уақытын осы өнер ордасына арнаған. 2025 жылдың қаңтарында зейнеткерлікке шыққан.

Қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталып, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанған. Саналы ғұмырын сахна өнеріне арнаған актер 2026 жылдың қараша айында дүниеден өтті.

актер қайтыс болды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Баламды ондай өтірікте өсіргім келмейді»: Дана Нұржігіт ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)
Next Article «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.20262

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20261

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.20262

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20261

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықова жазбасымен бар шындығын жайып салды (ФОТО)

03.11.20267

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.20260

«Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты

03.11.202678

Актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды

03.11.20264

«Баламды ондай өтірікте өсіргім келмейді»: Дана Нұржігіт ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)

03.11.202656

Үсік, тұман: Елдің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

03.11.20264

Жол апатынан ата-анасы қаза тапты: 8 айлық сәби мен 15 жастағы бала жетім қалды

03.11.202691

Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

02.11.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.