Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті
Жаңалықтар

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

НұрланНұрлан03.11.20265
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Қазақстандағы ең қарт тұрғын Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында дүниеге келген. 22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, көп ұзамай жұбайымен бірге Жаңаарқа ауданына қоныс аударған. Содан бері осы өңірде 90 жылдан астам уақыт ғұмыр кешті.

Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп өсірді. Түймегүл апа 15 немере, 25 шөбере сүйіп, үлкен әулеттің ардақты анасына айналды. Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.

Ұлытау облысының әкімдігі Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

— Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, тұтас бір дәуірдің куәсі болған Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жақындары мен барша отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтамыз. Ұзақ әрі өнегелі ғұмырында Түймегүл апа 15 немере мен 25 шөбере сүйіп, бірнеше ұрпақтың өсіп-жетілуіне куә болды. Ол өз әулетінің ақылшысы, тірегі әрі берекесі еді. Түймегүл апа тек отбасының амандығын ойлап қана қоймай, ел өміріне де бейжай қарамаған жан болатын. Мемлекет үшін маңызды оқиғалардан тыс қалмай, қоғамдағы өзгерістерді жіті қадағалап, ел болашағына әрдайым алаңдап отырды. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен ананың өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі ұрпақтарының жадында ғана емес, еліміздің тарихында да сақталатынына сенімдіміз, — делінген көңіл айтуда.

Жамбыл облысы қайтыс болды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleИспаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады
Next Article Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

03.11.20261

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20263

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

03.11.20261

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.20265

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20263

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықова жазбасымен бар шындығын жайып салды (ФОТО)

03.11.202690

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.20263

«Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты

03.11.2026104

Актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды

03.11.20264

«Баламды ондай өтірікте өсіргім келмейді»: Дана Нұржігіт ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)

03.11.202665

Үсік, тұман: Елдің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

03.11.20264

Жол апатынан ата-анасы қаза тапты: 8 айлық сәби мен 15 жастағы бала жетім қалды

03.11.2026107

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.