Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«15 мың теңге тым қымбат»: Алматылықтар Шымбұлақтағы арқанжол бағасына шағымданды
Жаңалықтар

«15 мың теңге тым қымбат»: Алматылықтар Шымбұлақтағы арқанжол бағасына шағымданды

НұрланНұрлан28.09.202654
Фото: әлеуметтік желі

Алматылықтар Шымбұлаққа баратын арқанжол билеттерінің қымбаттағанына шағымданды. Көпшілік жергілікті тұрғындар үшін бағаны төмендетіп, шетелдіктерге бөлек тариф енгізуді ұсынуда, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

«Жақында Шымбұлаққа арқанжолмен көтерілдім, 15 000 теңге төледім. Жаңа бағалар қалай? Жергілікті тұрғындар үшін баға төмен болса екен. Неге шетелдіктерге бөлек тариф жасамасқа?» – деп жазды Threads қолданушысы ch.marishka.

Оның пікірін басқа әлеуметтік желі қолданушылары да қолдаған.

«Алматыда тұратындар үшін бұл қымбат. 15 000 теңге төлеуге, оған қоса кофе ішіп немесе тамақтануға кез келген адамның мүмкіндігі жете бермейді», «Бүкіл әлемде шетелдіктерге қымбат, жергілікті тұрғындарға арзан. Бізде керісінше, шетелдіктерге арзан, өзімізге қымбат», «Өте қымбат. Шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарға әртүрлі баға белгілеуге болады ғой. Неге олай жасамайсыздар?», «Кеше ғана бардық, қатты қымбаттап кетіпті», – деп жазды олар.

Ал azat_bassirov есімді қолданушы бағаның өсуі келушілер санының азаюына әсер еткенін атап өткен.

«Шымбұлақ бұрынғыдай емес. Жексенбі күніне қарағанда адам өте аз. Оның өзі түсінікті. Бір адамға арқанжол – 15 000 теңге», – деп жазды ол.

Алайда «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне ересектерге арналған Shymbulak Ticket билетінің екі бағыттағы құны 12 000 теңге екенін хабарлады.

«Билет Медеуден бастап үш арқанжол арқылы: Медеу–Шымбұлақ, Комби-1 және Комби-2 бағыттарымен 3 200 метр биіктікке дейін көтеріліп, кері қайтатын толық маршрутты қамтиды. Бір бағыттағы билет құны – 7 000 теңге. 6-14 жас аралығындағы балалар үшін екі бағыттағы билет – 4 000 теңге. ККД-4 бағыты бойынша жүру үшін бөлек немесе кеңейтілген билет сатып алынады.

2026 жылдың жазғы маусымында тариф бір рет өзгертілді. Бұған дейін Медеуден 3 200 метр биіктікке дейінгі толық маршруттың (Медеу–Шымбұлақ, К1, К2 үш арқанжолы) екі бағыттағы құны 10 мың теңге болған», – деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қонақтарға ыңғайлы болу үшін Shymbulak Ticket бағыты мен ККД-4-ті қамтитын кеңейтілген тариф енгізілген. ККД-4 бағытының жеке құны 6 мың теңге болса, кеңейтілген билет бағасы – 15 мың теңге.

«Шымбұлақтың» негізгі станциясында жүрген қонақтарға Медеуден басталатын толық билет сатып алудың қажеті жоқ. Комби-1 және Комби-2 желілері бойынша 3 200 метр биіктіктегі станцияға дейін көтеріліп, кері қайту үшін бөлек тариф қарастырылған. Ересектер үшін оның құны – 7 000 теңге, балалар үшін – 3 000 теңге.

Тарифтерді қалыптастыру кезінде биік таулы инфрақұрылымды пайдалану және техникалық қызмет көрсету шығындары, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, арнайы қосалқы бөлшектер мен материалдарды сатып алу, жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, тауарлар мен қызметтер құнының өсуі, инфляциялық факторлар, сондай-ақ импорттық жабдықтарды пайдалану мәселелері ескеріледі», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, бұл жастағы балалар үшін арқанжол қызметі тегін екені айтылды. Бұл жеңілдік демалыс және мереке күндерінде де қолданылады.

Жұмыс күндері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және курорттың қолданыстағы ережелеріне сәйкес басқа да санаттарға арқанжолды тегін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ жұмыс күндері еңбек өтілі бойынша зейнеткерлерге, төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасылардың ата-аналары мен балаларына, I топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүретін бір адамға, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушыларға және басқа да санаттарға жеңілдіктер қарастырылған.

Алматы Шымбұлақ
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың сыңары бауырына арнап жазба қалдырды
Next Article Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026207

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026165

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.