Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Головкин мен АҚШ елшісі Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындықты талқылады
Жаңалықтар

Головкин мен АҚШ елшісі Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындықты талқылады

НұрланНұрлан17.09.20266
Фото: ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффтпен кездесті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Кездесуге Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен АҚШ Миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон қатысты. Тараптар екі ел арасындағы спорт және дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қазақстан спортшылары мен делегация мүшелеріне виза рәсімдеу, сондай-ақ Олимпиада кезінде Лос-Анджелесте «Қазақстан үйін» ашу мәселелері сөз болды. АҚШ Елшілігі бұл бағыттарда қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Тараптар қазақстандық боксшылардың АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиындарының нәтижесін де оң бағалады. Сонымен қатар екі ел спортшыларының қатысуымен Қазақстан мен АҚШ-та бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен спаррингтер өткізуге қызығушылық білдірілді.

Қазақстан тарапы алдағы халықаралық спорттық жарыстар, соның ішінде әлем чемпионаттары мен Алматыда өтетін қысқы Азия ойындары туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу соңында тараптар спорт дипломатиясы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

АҚШ головкин
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleІссапар мен жиындарға: Халық кеңесін құруға қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
Next Article Тоқаев Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады

Оқи отырыңыз...

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202624

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026734

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026798

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.