Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Kurs.kz мәліметінше, 18 қыркүйектегі жағдай бойынша Астанада айырбастау пункттерінде доллар 443 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 509,5–519,5 теңге аралығында болса, рубль 4,95–5,2 теңге, юань 68,5–72 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда доллар 446,5 теңгеден сатып алынып, 451,8 теңгеден сатылуда. Еуро 507–515 теңге аралығында айырбасталса, рубль 4,91–5,11 теңге, юань 67–69,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін биржада доллар бағасының төмендеп жатқаны хабарланған болатын.


