Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов 57 жасқа толып, туған күнін отбасы, жақындары және өнер саласындағы достарының ортасында атап өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Мерекелік кешке кәсіпкердің бірінші некесінен туған ұлы мен қызы да қатысты. Кеш барысында Баян Мақсатқызы жұбайының балаларын құшақтап, оларға ерекше ықылас танытты.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда Баянның Тұрсынның балаларымен жылы қарым-қатынаста болғаны байқалады. Бұл көрініс желі қолданушыларының назарын аударып, көпшіліктен жылы пікірлер жинады.


