Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті
Басты ақпарат

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы19.09.20265
Фото: gov.kz
Парижде көрнекті опера әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Халед әл-Ананимен кездесті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Қазақстанның бастамасымен өнер иесінің 100 жылдығы 2026 жылы ЮНЕСКО аясында атап өтілетін мерейтойлар қатарына енгізілген.

Арман Қырықбаев осы бастаманы қолдағаны үшін ЮНЕСКО басшылығы мен Хатшылығына алғыс білдіріп, ұйымның Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және кеңінен таныту ісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын, соның ішінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынылатын жаңа номинацияларды әзірлеу мәселесін талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығына «Жетісудың киелі ағаш сәулет өнері: мәдениетаралық диалог пен орнықтылық мұрасы» атты сериялық номинацияны алдын ала бағалау жөнінде сұрау жолдады. Номинацияға Жаркент мешіті мен Вознесенск кафедралды соборы кірді.

Халед әл-Анани Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік мол екенін айтты. Тараптар ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің қызметіне және оның Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытудағы рөліне де ерекше назар аударды.

Екіжақты кездесу аяқталғаннан кейін ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Дәуір дауысы» гала-концерті өтті. Кешке ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомо, дипломатиялық корпус өкілдері, әншінің туған-туыстары мен жақындары қатысты.

Салтанатты кештің ашылуында Арман Қырықбаев көрнекті әншінің шығармашылық мұрасы айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ықпалдастығын одан әрі нығайтуға және ұлттық мәдени мұрамызды халықаралық деңгейде кеңінен танытуға айрықша мән береді. Ұлы әншінің мерейтойын ЮНЕСКО төрінде атап өту біз үшін үлкен мәртебе. Ермек Серкебаев әлемнің елуге жуық елінде өнер көрсетті. Оның дауысы Франция сахналарында да естілді. Сондықтан бүгінгі кешті ұлы әнші мен Париж көрермені арасындағы шығармашылық үндестіктің жалғасы деп білемін», – деді министр.

«Дәуір дауысы» концертіне Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, хоры мен симфониялық оркестрі қатысты. Қазақ және әлемдік опера классикасының таңдаулы туындылары, соның ішінде Ермек Серкебаевтың репертуарындағы шығармалар орындалды. Кеште Ермек Серкебаевтың туған інісі Мұрат Серкебаевтың қызы, белгілі скрипкашы Жәмила Серкебаева да өнер көрсетті.

Әншінің 100 жылдығына арналған концерт бұған дейін Астанада да өтті. Мерейтойлық кешке қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады. Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевты ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайталанбас дарын иесі деп бағалады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)
Next Article Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

Оқи отырыңыз...

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

18.09.20265

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болды

18.09.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі

19.09.202611

Астанадағы ULY DALA FEST фестивалінде 360 градустық сахна орнатылады

19.09.202623

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

19.09.20262

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды акция өтті

19.09.20265

Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Арман Қырықбаев ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Халед әл-Ананимен кездесті

19.09.20265

«Қартайсада махаббатқа тоймаған»: Төлеген Мұхамеджанов әйеліне деген сезімін білдірді (ВИДЕО)

19.09.2026723

«Құдаларымның алдында басымды төмен түсірмейін»: Димаштың анасы отбасындағы өнегелі сөзді айтты (ВИДЕО)

19.09.2026787

«Кіндігі кесілмеген»: Таразда арықтан жаңа туған сәбидің денесі табылды

19.09.202664

Белгілі журналист Ғалым Сүлеймен өмірден өтті

18.09.202639

Жұма намазындағы жарылыс: Пәкістанда мешітке жасалған шабуылдан кемінде 16 адам қаза тапты

18.09.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.