Биоэнергетик Арай Еркінбек қамауға алынған Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдіріп, оны «емдеп», түрмеден аман алып қала алатынын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба жариялаған.
Арай Еркінбектің айтуынша, Нұрсұлтан Жақсыгенге ауыр жаза тағайындалуына оның ата-тегі мен Фаризаның ата-тегі арасындағы араздық себеп болған. Ол сондай-ақ Фаризаның Нұрсұлтанның сотталғанына қуанатынын және оған бұдан да ауыр жаза тағайындалуын қалайтынын жазған.
«Мен эксперт ретінде Нұрсұлтан Жақсыгенді емдегім келіп тұр. Оны бір рет емдейтін болсам, ол түрмеден толықтай аман қалады», – деді биоэнергетик.
Алайда оның бұл пікіріне қатысты нақты медициналық немесе заңды дәлелдер келтірілмеген.


