Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Сұранбай кетсе, маңдайына мүйіз шыға ма?»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучтың сөзіне қарсы шықты
Шоу бизнес

«Сұранбай кетсе, маңдайына мүйіз шыға ма?»: Гүлзира Айдарбекова Роза коучтың сөзіне қарсы шықты

НұрланНұрлан30.09.202683
Коллаж: Sn.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова танымал коуч Роза Әшірбаеваның келін мен ене арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікіріне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Продюсердің пікірінше, отбасында үлкендерді сыйлау, жақындарымен ақылдасу және белгілі бір мәселе бойынша алдын ала ескертіп жүру қалыпты жағдай. Ол қазіргі жастардың сырт адамдардың кеңесіне тым көп мән беріп, ата-анасы мен отбасының пікірін екінші орынға ысырып жүргеніне алаңдайтынын айтты.

«Сұранса, бір жері кеміп қалады ма? Сұранбай кетсе, маңдайына мүйіз шыға ма? Жастар онсыз да өз ата-анасын емес, осылай ақыл айтатын адамдарды тыңдап, өзгеріп бара жатыр. Үлкенді құрметтеу жоғалып, бұлай азғыруға болмайды. Осындай ақылды өз ұрпақтарына үгіттеп бере бергені дұрыс-ау. Осыдан кейін отбасыларында қалай ауызбіршілік болсын?» – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова өзі де ене екенін айтып, келіндерімен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, отбасында бір-бірімен ашық сөйлесіп, ақылдасып отырған дұрыс.

«Мен де енемін. Келіндеріме бір нәрсе айтсам да, өзім бір жаққа барсам да ескертпей кетпеймін. Біз бір отбасы емеспіз бе? Кейде келіндеріммен ақылдасамын. “Не киемін, не алып барсам болады?” деп сұраймын. Олар да көмектесіп, қажет болса сыйлыққа тапсырыс беріп жатады. Олардың көмегі маған қуаныш сыйлайды», – деді продюсер.

Ол сондай-ақ ерлі-зайыптылардың маңызды мәселелерді бір-бірімен ақылдасып шешкенін құптайтынын жеткізді. Айтуынша, қандай жағдай болмасын, адамның жанынан табылатын ең жақын адам – өз отбасы.

«Күйеуіңнен сұрансаң, не болыпты? Бір жағдай болса, жүгіріп келетін де сол отбасың, күйеуің емес пе? Әрине, Роза емес. Мен Розамен сыйласамын. Бірақ мына сөзі денемді тітіркентті», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер келіндер мен енелерге сырттан келген әр кеңесті бірден қабылдамай, алдымен өз отбасының жағдайын ескеруге кеңес берді.

«Құрметті аналар, келіндер, біреудің емес, өз ақылдарыңызға жүгініңіздер. Мүмкіндік болса, өз анаңызбен ақылдасыңыз. Қандай болса да, өсек айтып отырған өз енеңіз де сіздің анаңыз. Сіз оның өмірін жалғастырып, сол әулеттің ұрпағын тәрбиелеп отырсыз. Нағыз жанашырыңыз – осы адамдар.

Ерегісті, менмендік пен өзімшілдікті тоқтатып, бір-біріңізге мейіріммен қарап өмір сүріп көріңіздер. Сонда жолдарыңыз ашылып, өмірлеріңіз де жақсы жаққа өзгереді», – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова роза коуч
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Баланың балалығын ұрламаңдар!»: Дина Төлепберген ата-аналарға шүйлікті (ВИДЕО)
Next Article Депутат Алматы мен Жетісу облыстарын газдандыру мәселесін көтерді

Оқи отырыңыз...

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026206

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026164
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026742

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026206

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026164

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.