Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Әскерден мүгедек болып оралды»: Төсекке таңылған сарбаздың ата-анасы дабыл қақты
Жаңалықтар

«Әскерден мүгедек болып оралды»: Төсекке таңылған сарбаздың ата-анасы дабыл қақты

НұрланНұрлан01.10.2026386
Фото: stan.kz

Шымкентте әскерден елге оралуына бір ай ғана қалғанда ауруханаға түсіп, арбаға таңылған Өмірбек Сұлтанмұратовтың жақындары әділдік іздеп шырылдап жүр. Дәрігерлер жас жігіттің басына шұғыл ота жасап, оған «менингит» деген диагноз қойғанымен, ата-анасы ұлының әскерде қатал соққыға жығылғанына сенімді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

18 жасында өз еркімен Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған Өмірбек Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан сапында қызмет еткен. Жақындары оның жағдайы туралы тек комаға түскенде ғана бір-ақ білген. Ауруханаға дереу жеткенімен, туыстарына жігітті екі апта бойы көрсетпеген көрінеді.

«Ауырса баланы әскерден неге қарамайды? Сап-сау кетті ғой бұл. Кейін естісем, командирлеріне “ауырып жатырмын” деп айтқан екен. “Дәрігерге апарыңдаршы” десе, апармапты. Әбден комаға түскен кезінде ғана жеткізген. Сонда олар бала өлгенше қарап отыра бере ме? Бұл – қатты соққы жеген бала. “Түзелмейді” деді. Бұл бала гайморит те болмаған. Гайморит болса, түзеліп кетер еді», – дейді сарбаздың анасы Мәдина Шұқамбаева.

Анасының сөзінше, Өмірбектің орнынан тұрып, сөйлегісі келеді, бірақ оған әлі дәрмені жоқ. Ал дәрігерлер ота жасамағанда сарбазды аман алып қалу мүмкін болмағанын айтқан.

Бала күнінен әскери қызметкер болуды армандап, спортпен шұғылданған тепсе темір үзетін кенже ұлын өз қолымен әскери комиссариатқа апарған әкесі де өкінішін жасырмайды:

«Өзім апарып бергеніме өкінемін. Қолынан ұстап әскери комиссариатқа апармауым керек еді. Олардың үйреніп алған сөзі — “еркексің”. Бүйтіп еркек болмай-ақ қойсын! Барлық ата-ананы шырылдатып қойды. 3,5 жыл болды сал болып жүргенімізге. Кім жәрдем береді? 850 мың теңге сақтандыру ақшасын қолыңа ұстата салады да, барлық ауыртпалықпен өзіңді-өзің қалдырады», – дейді марқұмдай күй кешкен сарбаздың әкесі.

Үш жарым жыл бойы перзентін аурухана жағалатып емдетіп жүрген отбасы бұл істе шикілік көп екенін алға тартады. Өйткені жауынгердің не себепті мүгедек болып қалғаны бойынша қылмыстық іс те қозғалмаған. 2023 жылдан бері төсекке таңылған Өмірбектің өзі болған жайды айтып бере алмайды, ол тіпті ата-анасын жақында ғана тани бастаған.

Сарбаздың ата-анасы ұлының мұндай мүшкіл халге түсуінің нақты себебін сұрап, Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдаған, алайда ведомстводан әлі күнге дейін жауап келмеген.

армия әскер
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Блогер Ерболат қамауға алынды»: Жанабыловтар отбасындағы жанжалға полиция түсініктеме берді
Next Article Боранбаевтан тәркіленген мұнай компаниясы қайтадан иесіз қалды

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20262

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026814

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.