Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»: Өзбекстанда уланған 16 баланың жағдайы белгілі болды
Жаңалықтар

«Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»: Өзбекстанда уланған 16 баланың жағдайы белгілі болды

НұрланНұрлан03.11.20264
Фото: видео скриншот

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Өзбекстанда тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылған 16 қазақстандық баланың қазіргі жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Министр Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ташкенттегі медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан балалардың жағдайы тұрақты екенін айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан тарапы оқиғаның алғашқы күнінен бастап Өзбекстандағы елші Ералы Тоғжановпен байланыста болып, балалардың денсаулығын онлайн бақылауға алған. Сондай-ақ оларға көрсетіліп жатқан медициналық көмек Қазақстанның емдеу хаттамаларына сәйкес келеді.

«Біз алғашқы уақыттан бастап Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжановпен байланыста болдық. Балалардың жағдайы онлайн түрде біздің бақылауымызда деуге болады. Балалардың алып жатқан емі біздің де хаттамамызға сай келеді. Балалардың жағдайы тұрақты. Вице-министр бүгін тағы бір жиын өткізіп, онлайн режимде әр баланың жағдайына қатысты ақпарат алды. Әзірге балаларды Қазақстанға жеткізу жоспарымызда жоқ. Егер алып келу қажет болса, біз оған дайынбыз», – деді министр.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қажет болған жағдайда Түркістан облысы мен Шымкент қаласында балаларды қабылдауға арналған төсек орындары дайындалады. Қазір өңірлерде дәрігерлер мен қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

«Балалардың жағдайы тұрақты. Олар тамақтан уланған. Бірақ Өзбекстан тарапы қосымша зерттеулер жасап жатыр. Олар ресми жариялаған соң нақтысы белгілі болады. Балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деп мәлімдеді министр.

денсаулық министр
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
Next Article Қазақстан мен Жапония жол сапасын бақылау бойынша келісімге келді

Оқи отырыңыз...

«Мәйітін көлге лақтырып кеткен»: Жас келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

03.11.202632

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

03.11.20262

Қазақстан мен Жапония жол сапасын бақылау бойынша келісімге келді

03.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мәйітін көлге лақтырып кеткен»: Жас келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

03.11.202632

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

03.11.20262

Қазақстан мен Жапония жол сапасын бақылау бойынша келісімге келді

03.11.20261

«Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»: Өзбекстанда уланған 16 баланың жағдайы белгілі болды

03.11.20264

Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

03.11.20261

Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

03.11.20264

Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

03.11.20267

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.202612

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20264

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықова жазбасымен бар шындығын жайып салды (ФОТО)

03.11.2026349

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.