Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан мен Жапония жол сапасын бақылау бойынша келісімге келді
Жаңалықтар

Қазақстан мен Жапония жол сапасын бақылау бойынша келісімге келді

НұрланНұрлан03.11.20261
Фото: JOLSAPA

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» (JOLSAPA) Жапонияның Aero Toyota Corporation компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстандағы автомобиль жолдарын диагностикалау мен мониторингтеуде заманауи цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігін қарастырады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – Mobile Mapping System (MMS) мобильді картографиялау жүйесін Ұлттық орталықтың жұмысына енгізу мүмкіндігін зерделеу. Бұл бағытта жапондық компания Орталыққа консультациялық қолдау көрсетіп, жүйені қолданудың әдіснамасы мен техникалық талаптары бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Бірлескен жұмыс аясында тараптар қажетті ақпаратпен алмасып, консультациялар өткізеді. Қажет болған жағдайда MMS жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылады. Сондай-ақ жол инфрақұрылымын зерттеу мен цифрландыру саласындағы озық халықаралық тәжірибелер қарастырылады.

Консультациялық жұмыстар аяқталған соң Aero Toyota Corporation жүйені қолдану әдіснамасы мен техникалық сипаттамалары қамтылған толық есеп ұсынады. Бұл құжат MMS технологиясын Қазақстанда қолдану және оны Ұлттық орталықтың қызметіне енгізу мүмкіндіктерін бағалауға негіз болады.

Бұдан бөлек, тараптар жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп-ұстау мәдениетін жетілдіру бағытында да ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Алдағы уақытта жолдарды мониторингтеу, диагностикалау және паспорттау үдерістеріне цифрлық технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басымдық берілмек.

технология
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»: Өзбекстанда уланған 16 баланың жағдайы белгілі болды
Next Article Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Оқи отырыңыз...

«Мәйітін көлге лақтырып кеткен»: Жас келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

03.11.202632

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

03.11.20262

«Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»: Өзбекстанда уланған 16 баланың жағдайы белгілі болды

03.11.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мәйітін көлге лақтырып кеткен»: Жас келіншек күйеуінің қолынан қаза тапты

03.11.202632

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

03.11.20262

Қазақстан мен Жапония жол сапасын бақылау бойынша келісімге келді

03.11.20261

«Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»: Өзбекстанда уланған 16 баланың жағдайы белгілі болды

03.11.20264

Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

03.11.20261

Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

03.11.20264

Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

03.11.20267

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.202612

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20264

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықова жазбасымен бар шындығын жайып салды (ФОТО)

03.11.2026347

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.