Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
Басты ақпарат

Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

НұрланНұрлан03.11.20260
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына ұлттық компания қызметінің 2026 жылғы нәтижелері және алдағы жылдарға арналған жоспары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Президентке тұрғындарды және ел экономикасын табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ QazaqGaz ұлттық компаниясының 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына толық дайындығы туралы мәлімет ұсынылды.

Әлібек Жамауов Мемлекет басшысының геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шалқар, Саралжын, Малдыбай, Солтүстік-2, Солтүстік-1 және Аққұдық, Придорожное учаскелерінде жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның ірі инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру барысы баяндалды.

Қуаты жылына 1 миллиард текше метр көгілдір отын өңдеуге жететін Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Өндіріс нысанын пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.

Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жобасы бойынша инженерлік жобалау, жабдықтар мен материалдарды сатып алу жұмыстары қолға алынып, құрылыс-монтаждау кезеңі басталды.

Жылына 2,5 миллиард текше метр газ өңдеуге қауқарлы Қашаған газ өңдеу зауыты және жылына 5 миллиард текше метр газ өңдейтін Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобалары бойынша ЕРС-мердігерлер анықталды.

Сондай-ақ «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы салаға цифрлық шешімдер енгізу жөнінде ақпарат берді.

Aqyl Energy бастамасы аясында жасанды интеллект пен деректерді талдау элементтерін қолдана отырып, газбен жабдықтауды есепке алу және басқару үдерісін цифрландыру жүзеге асырылып жатыр.

Газды есепке алуға арналған 1,3 миллионнан астам аспап интеллектуалды есептегіштерге кезең-кезеңімен ауыстырылуда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық компанияның жоспарымен танысты.

Соған сәйкес, солтүстік өңірлерге – Көкшетау және Петропавл қалаларына көгілдір отын жеткізу, газ-моторлы отын нарығын дамыту, Рудный қаласында жылына 50 мың тонна сұйытылған табиғи газ өндіретін аз тонналы зауыт салу, 4-ші жерасты газ қоймасының құрылысын жүргізу жұмыстары басталды.

Кездесу соңында Президент жылыту кезеңінде тұрғындарды және экономиканы көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету, тауарлы газ қорын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

Ақорда
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

03.11.20262

Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

03.11.20266

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

03.11.20260

Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты

03.11.20262

Тоқаев Жоғары сот кеңесі аппаратының басшысын қызметінен босатты

03.11.20266

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

03.11.202611

Испаниядан Алматыға: Қазақстан екінші ауыр әскери ұшағын қабылдады

03.11.20264

«Олжас бұрынғы әйелін қимайды»: Дариға Бадықова жазбасымен бар шындығын жайып салды (ФОТО)

03.11.2026271

«Үй артында кісі бар»: Сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өткір пікір айтты (ВИДЕО)

03.11.202623

«Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты

03.11.2026133

Актер Мұқан Шәкір 81 жасқа қараған шағында өмірден озды

03.11.20268

«Баламды ондай өтірікте өсіргім келмейді»: Дана Нұржігіт ажырасуы туралы айтты (ВИДЕО)

03.11.202685

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.