Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай Қазақ спорт және туризм академиясында тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай Қазақ спорт және туризм академиясында тағылымды кездесу өтті

НұрланНұрлан06.11.20262
Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы

2026 жылғы 5 қарашада Қазақ спорт және туризм академиясында көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай әдеби-танымдық және шығармашылық кездесу өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Рухани-мәдени шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында ұлттық әдебиет пен руханиятты дәріптеу, көрнекті қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін кеңінен насихаттау.

Тағылымды жүздесуге Академияның профессор-оқытушылар құрамы, ұстаздар қауымы мен әдебиетке қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Кездесудің құрметті қонақтарының қатарында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, белгілі ақын Бауыржан Жақып болды. Ол өз сөзінде Роллан Сейсенбаев шығармашылығының ерекшелігіне тоқталып, қаламгер туындыларының қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттағы айрықша орнына назар аударды.

Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы

Кездесу барысында жазушы өзінің шығармашылық жолы, әдебиет пен қоғамның байланысы, ұлттық құндылықтар мен рухани сабақтастық жөнінде ой бөлісті. Қатысушылар қаламгерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Жүздесу мазмұнды әңгіме мен тағылымды ойларға толы болды.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьяновтың мерейтой иесіне көрсеткен құрметі болды.

Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы

Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен Роллан Шәкенұлы Сейсенбаевқа қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі мен жоғары кәсіби жетістіктері үшін «Қазақ спорт және туризм академиясының Құрметті профессоры» атағы берілді.

Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы есімдері» халықаралық ассамблеясының атынан Ұлы Дала халқының рухани мұрасын жаңғыртуға қосқан айрықша үлесі үшін қаламгер «Ұлы Даланың Кентавры» орденімен марапатталды.

Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы

Бұл марапаттар – мерейтой иесінің шығармашылық еңбегіне, ұлттық әдебиет пен мәдениетке сіңірген қызметіне көрсетілген зор құрметтің белгісі.

80 жылдық мерейтой аясындағы мазмұнды кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Мұндай тағылымды жүздесулер жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, әдебиет пен өнерге құрметін арттырып, ұлт руханиятының сабақтастығын нығайта түседі.

Фото: Қазақ спорт және туризм академиясы

Қазақ спорт және туризм академиясы білім мен спортты ғана емес, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеуді де өзінің маңызды бағыттарының бірі санайды.

жылдық мереке орден
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды
Next Article Білім, спорт, денсаулық: Гүлжан Тусибиянова сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202615

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202615

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026169

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202649

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026100

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20264

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202696

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.