Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Келіншектердің боксы: Түркістанда балалар алаңында екі әйелдің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Жаңалықтар

Келіншектердің боксы: Түркістанда балалар алаңында екі әйелдің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

НұрланНұрлан09.11.202648
Фото: видео скриншот

Түркістандағы Turan Mall сауда орталығында орналасқан балалар ойын алаңында екі әйел төбелесіп қалды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Желі қолданушыларының мәліметінше, жанжал 7 қараша күні «Балу» балалар ойын алаңында болған.

Видео авторының айтуынша, қысқа шашты әйел басқа әйелдің баласын қағып кеткен. Бұған наразы болған баланың анасы оның жанына барып, әрекетінің себебін түсіндіруді талап еткен.

Сондай-ақ видео авторы телефонының қуаты таусылып қалғандықтан, түсірілімді төбелесте соққы алған әйелге көрсете алмағанын жазған.

Желіде тараған кадрлардан әуелі екі әйелдің сөйлесіп тұрғанын байқауға болады. Кейін олардың бірі қысқа шашты әйелді итеріп жібереді. Бұған жауап ретінде екінші әйел жұдырық ала жүгірген.

Оқиғаға қатысты Түркістан облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің ойын алаңында болған жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі әйелдің арасында жанжал туындап, оның соңы бір қатысушының дене жарақатын алуымен аяқталған. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны басқармаға жеткізді. Қазір оның қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.

облысы түркістан
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады
Next Article Қайғылы жағдай: Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден озды

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202623

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20262

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202614
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.202630

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202623

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20262

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026317

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202673

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.202614

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202620

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026119

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.