Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жастардың да тізесі тоза бастаған: Ортопед маман қазақстандықтарға ескерту жасады
Жаңалықтар

Жастардың да тізесі тоза бастаған: Ортопед маман қазақстандықтарға ескерту жасады

НұрланНұрлан10.11.202617
Фото: әлеуметтік желі

Бұрын көбіне егде жастағы адамдарды мазалайтын тізе ауруы енді жастар арасында да кездеседі. Неліктен? Мамандар не дейді? Тізе саулығын сақтау үшін нені білу маңызды? «Хабар» телеарнасының «7 күн» бағдарламасында Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі Қайрат Ашимов бұл мәселенің елімізде өршіп тұрғанын және дерттің айтарлықтай жасарып бара жатқаны айтып, кеңес берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

 Қазақстанда соңғы үш жылда тізе буынын ауыстыру бойынша 41 мыңнан астам операция жасалған. Ал бүгінде эндопротездеуге мұқтаж 130 мыңға жуық адам кезекте тұр. Мамандардың айтуынша, буынның тозуы тек егде жастағыларға тән емес, жастар арасында да жиілеп келеді. Бұған артық салмақ, қозғалыстың аздығы және буынға шамадан тыс күш түсуі себеп болуы мүмкін.

Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, кейінгі үш жылда елімізде тізе буынын ауыстыруға қатысты 41 232 операция жасалған. Ал соңғы бес жылда эндопротездеу көлемі шамамен 50%-ға артқан.

Травматолог-ортопедтердің айтуынша, тізе буыны ауруларына әйелдер жиі шалдығады. Ортопедия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Ашимовтың сөзінше, институтта эндопротездеуге маманданған үш бөлімше ай сайын 600-ден астам операция жасайды. Науқастардың басым бөлігі – әйелдер.

«Біздің тәжірибемізде 10 әйелге бір ер адамнан келеді. Әйелдер белсенді, көп қозғалады. Соған қарамастан, артрозға жиі шалдығатынын байқаймыз», – дейді Қайрат Ашимов.

Тізе буынының тозуы науқастардың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Нұрғайша Рақымжанқызы екінші тізе буынын ауыстыру операциясына мұқтаж. Оның айтуынша, бұған дейін бірнеше рет ем қабылдап, буын ішіне дәрілік инъекциялар салдырғанымен, нәтиже болмаған.

«Аяғымдағы сүйектің басы желінгенін айтты. Буын ішіндегі сұйықтық азайған. Бірнеше рет укол салдырдым, көп қаражат жұмсадым. Бірақ ешқандай нәтиже болмады. Дәрігерлер операциясыз болмайтынын айтты», – дейді науқас.

Мамандардың түсіндіруінше, буын шеміршегі қатты зақымданып, аяқтың қозғалысы шектелген жағдайда эндопротездеу операциясы ұсынылады. Ота кезінде сүйектің зақымданған бөлігі алынып, орнына жасанды буын орнатылады. Протез арнайы сүйек цементі арқылы бекітіледі.

Алайда операциядан кейінгі асқынулардың, әсіресе инфекцияның алдын алу маңызды. Бұл мәселе Астанада өткен халықаралық конференцияда да талқыланды. Жиынға қатысқан профессор Джавад Парвизи Қазақстанда эндопротездеу операциялары жоғары деңгейде жүргізілетінін атап өтті.

«Әлемде буын алмастыру операцияларының саны артып келеді. Қазақстанда бұл операциялардың жоғары деңгейде жасалатынын көрдім. Ендігі маңызды міндет – операциядан кейінгі асқынулардың, әсіресе жасанды буынның инфекциялық зақымдануының алдын алу», – деді профессор.

Дәрігерлер тізе буынының тозуы тек егде жастағы адамдарға тән емес екенін ескертеді. Қазір буын шеміршегінің зақымдануы 40 жастағы адамдарда, тіпті 19 жастағы жастарда да кездеседі.

Мамандар мұндай жағдайға энергетикалық сусындарды жиі қолдану, дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, қимыл-қозғалыстың аздығы, шамадан тыс физикалық жүктеме және жарақаттар әсер етуі мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар кейбір инфекциялық және қабыну аурулары да буынның зақымдануына себеп болады.

Дегенмен тізе ауруына шалдыққан әрбір адамға операция жасау міндетті емес. Дертті ерте анықтап, тиісті ем қабылдау буынның қызметін сақтауға және кей жағдайда хирургиялық араласуды кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Дәрігерлер буын саулығын сақтау үшін дене салмағын бақылап, тұрақты қозғалысты әдетке айналдыруға кеңес береді. Әсіресе бұлшықеттерді нығайтатын, буынға шамадан тыс күш түсірмейтін жаттығулар пайдалы.

Қазақстанда медициналық көрсетілімдер болған жағдайда эндопротездеу операциялары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізіледі. Дегенмен жасанды буынның да қызмет ету мерзімі шектеулі. Сондықтан мамандар тізе ауруының алғашқы белгілері байқалғанда дәрігерге қаралып, емді уақытылы бастаудың маңызын ескертеді.

ортопед
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Іштей қиналамын»: Төреғали Төреәлінің жұбайы қызының жағдайы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Next Article «Банктегі ақшалар жойылады»: Жазира Байырбекова күтпеген жазба жариялады

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202615

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әкімдік қызметкері»: СҚО-да зейнет жасына таяған әйел сірке суын ішіп, көз жұмды

17.11.20260

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202615

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026189

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202651

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026100

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.