Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«16 жасымда босаға аттатты»: Исматулланың құрбаны, туысқан қарындасы жантүршігерлік жайттарымен бөлісті
Жаңалықтар

«16 жасымда босаға аттатты»: Исматулланың құрбаны, туысқан қарындасы жантүршігерлік жайттарымен бөлісті

НұрланНұрлан11.11.2026504
Фото: Хауаның жеке архивінен

Зікірші Исматулла Мақсұмның төңірегіндегі дау кезінде оның туысы Хауа есімді әйел балалық шағында көрген зорлық-зомбылығы мен өз еркінен тыс тұрмысқа берілгені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Хауаның айтуынша, ол Ыстамбұлда дүниеге келген. Бес жасында отбасы Исматулланың ықпалымен Ауғанстанға көшкен. Кейін Пәкістанда тұрған. Әйелдің сөзінше, отбасындағылар Исматулладан қорқып, оның айтқанына қарсы келе алмаған.

Әкесі отбасын асырау үшін шетелде жұмыс істеп, үйіне бірнеше жылда бір оралып отырған. Ал 2000 жылы қатерлі ісікке шалдығып, көп ұзамай өмірден өткен.

«Әкеме жылап, барлығын айттым. Шашымнан сипап, «Болды, қызым, сендерді алып кетемін» деген еді. Бірақ дегеніне жетпеді. Ажал алып кетті», – деп еске алды Хауа.

Әйелдің мәлімдеуінше, әкесі қайтыс болғаннан кейін оны 16 жасында Исматулланың жамағатындағы өзі танымайтын ер адамға күштеп тұрмысқа берген.

«Ол адамды жақсы көрген жоқпын, өзім таңдаған жоқпын. Менің қалауымды ешкім сұрамады. Кәмелеттік жасқа да келмеген мені 16 жасымда босаға аттатты», – деді ол.

Хауаның сөзінше, некеден кейін де қорлық тоқтамаған. Күйеуі оны ұрып-соғып, қорқытып отырған. Әйел сол кезеңде өзіне қол жұмсауға әрекеттенгенін де жасырмады.

Кейін ол бірінші күйеуімен ажырасып, баласымен бірге кеткен. Алайда бұрынғы ортасының қысымы жалғасқанын айтады.

«Ешкім қорғаған жоқ. Керісінше, «ішіне жын кірген» деп шығарды. Менің кінәм не? Күштеп берген адамымен өмір сүргім келмегені ме? Мен жай ғана өз өмірімді өзім сүргім келді!» – деп жазды әйел.

Хауа Исматулланың атын бұған дейін ашық айтудан қорыққанын жеткізді. Оның мәлімдеуінше, Исматулла туыстарына зиян келтіруі мүмкін екенін айтып, өзін үндемеуге мәжбүрлеген.

Әйелдің айтуынша, арада жылдар өткен соң Исматулла кешірім сұрап, өткенді ұмытуды өтінген. Алайда Хауа балалық шағы мен жоғалтқан жылдарын ешкім қайтара алмайтынын айтқан.

Сондай-ақ ол өскен ортасында қыз балалардың білім алуына, жұмыс істеуіне және өз бетінше шешім қабылдауына шектеу қойылғанын жеткізді.

«Біздің үйде «әйелге оқудың керегі жоқ», «әйел жұмыс істемеу керек», «әйел еркекке бағыну керек» деп өстік», – деді ол.

Соған қарамастан, Хауа кейін білім алып, диплом иеленген және жеке кәсібін ашқан. Қазір АҚШ-та тұратынын, екінші отбасын өз қалауымен құрғанын мәлімдеді.

«Оқуға болмайды деді – оқыдым. Жұмыс істеуге болмайды деді – жұмыс істедім. Өз бетіңмен өмір сүруге болмайды деді – өз жолымды таңдадым. Менің балалық шағымды тартып алды. Бірақ қалған өмірімді тартып ала алмады!» – деп түйіндеді Хауа.

Айта кетейік, бұл мәліметтер әйелдің жеке мәлімдемесіне негізделген. Оның Исматуллаға қатысты айтқан айыптаулары тәуелсіз расталған жоқ. Материалда екінші тараптың түсініктемесі келтірілмеген.

дін зікірші
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Басында бір қасық ми жоқ»: Серікжан Біләш Қайрат Нұртасқа шүйлікті
Next Article 414 миллион теңге жымқырды: «Қызыл-Жар» клубының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202615

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.202615

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026169

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202649

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.2026100

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20264

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202696

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.