Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Қанша долы болсада қатын терезеден доллар лақтырмайды»: журналист 6 млн АҚШ ақшасына қанша кофе алуға болатынын есептеп шығарды
Жаңалықтар

«Қанша долы болсада қатын терезеден доллар лақтырмайды»: журналист 6 млн АҚШ ақшасына қанша кофе алуға болатынын есептеп шығарды

НұрланНұрлан12.11.20261 314
Фото: фейсбук парақшасы

Белгілі журналист Диас Нұрақын «Самұрық-Қазына» қорындағы қысқарту мен Астанада аспаннан жауған 6 миллион доллар туралы пікір білдірді. Журналистің сөзінше, қордағы оңтайландыру кезінде қарапайым қызметкерлер қысқартуға ұшырағанымен, басшылық құрамына айтарлықтай өзгеріс болмаған. Ал Астанада табылған миллиондаған доллардың кімге тиесілі екені әзірге белгісіз,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Диас Нұрақын әлеуметтік желі парақшасында жыл басында Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорын сынға алғанын еске салды. Сол кезде Президент қор қызметкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты пікір білдіріп, олардың Астанадағы қонақүйлердің фойесінде кофе ішіп, уақыт өткізіп жүретінін сынаған болатын.

Журналистің айтуынша, осы сыннан кейін қордың бас кеңсесінде жұмыс істейтін 6500 қызметкердің 10 пайызы қысқартуға ұшыраған. Алайда ол оңтайландыру жұмыстары күткендей жүргізілмегенін алға тартты.

«Президент жыл басында ғана “Самұрық-Қазына” қорын сын садағымен бір түйреп өткен. “Әл-ауқаты асып-тасыған қызметкерлері Астанадағы қонақүйлердің фойесінде кофе сораптап, ерігіп-зерігіп жүр” деп жекіп еді. Осыдан кейін Самұрықтың бас кеңсесінде істейтін 6500 қызметкердің он пайызы қысқартуға ұшырады. Бірақ “оптимизация” біз ойлағандай болмады. Күніге кофе ішіп, круассан жейтін топ-менеджерлер емес, түскі асқа үйінен “пищевой контейнермен” макарон әкеліп жейтін төменгі жақтағы қарапайым қыз-жігіттер қысқартылып кетіпті. Ал басшылықтың мұртын балта, ұртын ұстара шаппаған екен», – деп жазды журналист.

Сонымен қатар Диас Нұрақын Астанада аспаннан жауған 6 миллион АҚШ доллары туралы оқиғаға да тоқталды.

Оның сөзінше, Алматыда жауған жаңбырдан кейін елордада таңертең миллиондаған доллар көшеге шашылған. Журналист жерге түскен ақшаны 160 мың теңге жалақы алатын полицейлердің аяқасты етіп жүргеніне қынжылыс білдірді.

«Кеше Алматының астаң-кестеңін шығарған ақжауын, бүгін таңда Астанаға доллар болып жауыпты. 6 миллион АҚШ ақшасы көктен көк қағаз болып қылаулады дейді. Аспаннан киіз жауса да кедейге ұлтарақ бұйырмайтыны бар ғой. Жерәлемге шашылған Бенджамин Франклиннің бейнесін 160 мың теңге айлық алатын полицейлердің арлы-берлі таптап жүргенін көріп жүрегім ауырды», – деді ол.

Журналистің жазуынша, табылған қаражаттың көлемі мәдениет сарайын салуға жетер еді. Сондай-ақ ол бұл ақшаның бүгін ұсталған «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыповқа немесе «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отыншиевке тиесілі болуы мүмкін деген ақпарат тарағанын атап өтті.

Алайда журналистің айтуынша, әзірге олардың ешқайсысы ақшаның өздеріне тиесілі екенін мойындамаған. Бұған қоса, Telegram-арналарда ақша толы шабаданды бір әйел балконнан лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған.

«Тіпті телеграмм арналар “ақша толы шабаданды балконнан бір әйел лақтырып жіберді” деп жазуда. Қанша долы қатын болса да долларды далаға шашпайды. Демек бұл жерде бір гәп бар? Оны енді құзырлы органдар анықтайды», – деп жазды Диас Нұрақын.

Жазбасының соңында журналист оқиғаға қатысты ирониялық пікір білдіріп, 6 миллион долларға қанша кофе сатып алуға болатынын есептеген.

«Айтпақшы, 6 млн долларға 3 млн стакан кофе алып ішуге болады екен. Самұрықтағы кофе ішкіштерден ақша үнемдейміз деп 6 млн долларды далаға шаша салғандары болмады енді», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, журналистің бұл жазбасы қоғамдағы мемлекеттік компаниялардың шығындары, кадрлық қысқарту және миллиондаған доллардың шығу тегіне қатысты сауалдарды қайта көтерді. Дегенмен қаражаттың нақты иесі мен оқиғаның мән-жайы ресми тексеру нәтижесінде анықталуы тиіс.

журналист самұрық сын
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қызмет, лауазым, таныстық, байланыстар — бәрі зая»: журналист ұлттық компаниялар басшыларының ұсталуына қатысты ойын айтты
Next Article «Лауазымдары ракетадай ұшты»: Президент сенім артқан басшылардың парамен ұсталуы жайлы сарапшы пікір білдірді

Оқи отырыңыз...

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20260

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20267

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20260

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026114

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202632

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20267

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202691

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202691

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202663

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.