2019–2025 жылдар аралығында барлығы 36,3 мың км автомобиль жолы салынып, қайта жаңғыртылды және жөнделді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
2019–2025 жылдары автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту жобалары аясында 5,2 мың км жолдағы жұмыстар аяқталды.
Олардың қатарында Орталық – Шығыс (Астана – Павлодар – Семей) көлік дәлізі, Бейнеу – Ақжігіт, Таскескен – Бақты, Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы, Қостанай – Денисовка, Үшарал – Достық, Қандыағаш – Мақат бағыттары, сондай-ақ 2024 жылы аяқталған Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Алматы, Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау – Астрахань, Меркі – Бурылбайтал бағыттары бар.
Анықтама үшін: 2019 жылы – 641 км, 2020 жылы – 378 км, 2021 жылы – 198 км, 2022 жылы – 120 км, 2023 жылы – 856 км, 2024 жылы – 2 206 км, 2025 жылы – 778 км.
Құрылыс жобалары: Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы – 34 км (2020 жыл), Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір – 19,9 км (көпірдің ұзындығы – 1,3 км) (2024 жыл), Шамалған станциясының айналма жолы – 6 км (2024 жыл), Түркістан облысындағы тоннель – 840 м (2024 жыл).
2025 жылы аяқталған жобалар:
– Ұзынағаш – Отар – 42 км (2025 жыл).
– Қалбатау – Майқапшағай – 405 км (2025 жыл).
– Подстепное – Федоровка – 72 км (2025 жыл).
– Күрті – Қонаев – 67 км (2025 жыл).
– Қызылорда – Жезқазған – 192 км (2025 жыл).
2019–2025 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы 9 мың км бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Анықтама үшін: 2019 жылы – 1,1 мың км, 2020 жылы – 1 мың км, 2021 жылы – 700 км, 2022 жылы – 1,1 мың км, 2023 жылы – 1,2 мың км, 2024 жылы – 1,5 мың км, 2025 жылы – 2,4 мың км.
Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар
2019–2025 жылдар аралығында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы 22,1 мың км бөлігінде құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталды.
Анықтама үшін: 2019 жылы – 2,4 мың км, 2020 жылы – 2,8 мың км, 2021 жылы – 2,6 мың км, 2022 жылы – 3 мың км, 2023 жылы – 3,6 мың км, 2024 жылы – 3,6 мың км, 2025 жылы – 4,1 мың км.


