Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады
Жаңалықтар

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

НұрланНұрлан27.11.20262
Фото: Respublica

Respublica партиясы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады. «Өңірлермен тікелей диалог» атты жалпыпартиялық онлайн-кездесуге 20 өңірлік филиалдың өкілдері, кандидаттар, партия белсенділері, Орталық кеңес мүшелері, ReWomen әйелдер және ReJastary жастар қауымдастықтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.    

2–27 қараша аралығында партияның өңірлік командалары 243 үгіт-насихат және ақпараттық іс-шара өткізді. Онлайн және офлайн форматтардағы жиынтық қамту шамамен 430 мың адамды құрады.

Бір күн бұрын, 26 қарашада, еліміздің барлық 20 өңірінде сайлауалды штабтардың қорытынды отырыстары өтіп, оларға 750-ден астам адам қатысты. Штабтар кездесулер барысында айтылған ұсыныстарды, кандидаттардың жұмысын және 29 қарашадағы дауыс беруге ұйымдастырушылық дайындықты талқылады.

Үгіт-насихат науқанының негізгі бағыттарының бірі – азаматтармен бетпе-бет сөйлесу. Кандидаттар еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, білім беру және тұрмыс сапасы мәселелерін талқылады.

«Біз үшін сайлау тек үгіт-насихат кезеңімен шектелмейді. Әр кездесуде айтылған мәселенің артында нақты адам, отбасы, елді мекеннің қажеттілігі тұр. Халықпен диалог сайлаудан кейін де жалғасуы тиіс. Жергілікті өкілді органдардың жұмысы ашықтыққа, жауапкершілікке және тұрғындардың сұранысына негізделуі маңызды», – деді партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Партияның ұстанымы бойынша, жергілікті өкілді органдардың маңызды міндеті – азаматтардың ұсыныстарын жүйелі түрде қарастырып, қабылданған шешімдер мен олардың нәтижесі туралы қоғамға есеп беру. Өңірлерде көтерілген мәселелер алдағы жұмыста талдау мен ұсыныстар әзірлеудің негізі болуға тиіс.

Мәслихат депутаттарының сайлауына Respublica еліміздің барлық 20 өңірінде қатысады. Партия атынан 326 кандидат тіркелген: 129-ы партиялық тізімдер бойынша, 197-сі бірмандаттық округтерде. Олардың қатарында 76 әйел және 35 жасқа дейінгі 70 кандидат бар.

Жалпыпартиялық кездесуде сайлауалды штабтардың қорытынды есептері тыңдалып, тыныштық күні заң талаптарын сақтау және дауыс беру күніне дайындық мәселелері қаралды. Мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді.

сайлау
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖерар Депардье жас актрисаны зорлады деген айыппен сотқа тартылмақ
Next Article «Бетіне түкіріп кетті»: Продюсер Дариға Бадықова кинотеатрда ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтты

Оқи отырыңыз...

Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті

27.11.20264

«Қазатомөнеркәсіптің» екі басшысы екі айға қамауға алынды

27.11.20260

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.202615
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

28.11.20261

Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды

28.11.20261

23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды

28.11.20261

Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті

27.11.20264

«Қазатомөнеркәсіптің» екі басшысы екі айға қамауға алынды

27.11.20260

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.202615

Көкшетауда аурухана аумағынан ер адамның денесі табылды

27.11.20261

«Бетіне түкіріп кетті»: Продюсер Дариға Бадықова кинотеатрда ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтты

27.11.202661

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.20262

Жерар Депардье жас актрисаны зорлады деген айыппен сотқа тартылмақ

27.11.202612

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.