Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
Басты ақпарат

«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.11.20261

Фото: скриншот

Алматыда бес адамның, оның ішінде мектеп оқушысының өмірін қиған жер үйдегі өрт кездейсоқ оқиға болмаған. Полиция қызметкерлері тұрғын үйді қасақана өртеді деген күдікпен 37 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеушілер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің жүріп өткен бағытын толық қалпына келтірген. Бейнежазбадан қара күртеше киген, арқасында сөмкесі бар әйелдің жан-жағына қарап, үйге кіргенін, осыдан кейін ғимараттан жалын шыққанын көруге болады.

«Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде жасалған қасақана өрт қою себеп болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Еске салайық, ірі өрт 26 қарашаға қараған түні Алматы қаласының Бостандық ауданындағы жер үйде болған. Бөлмелері жалға беріліп келген баспанада бірнеше отбасы тұрған.

Аман қалған тұрғындардың айтуынша, өрт салдарынан бес адам қаза тапқан. Олардың арасында 4-сынып оқушысы, 60 жастағы әйел мен оның 40 жастағы қызы, сондай-ақ екі ер адам бар.

Кейбір тұрғындар жалын шарпыған ғимараттың терезесінен секіріп, аман қалған. Алайда олардың баспанасы мен барлық дүние-мүлкі өртеніп кеткен. Айта кетейік, аталған аумақ жазда бұзылуға жататын нысандар қатарына енгізілгенімен, үйдің бір бөлігі жалға беріліп келген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

Оқи отырыңыз...

Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды

28.11.20261

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.202615

«Росатом» Балқаш АЭС құрылысына жетекшілік етеді – Тоқаев

27.11.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды

29.11.20261

Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты

28.11.20261

Семейде қоқыс контейнерінен табылған сәби үсіп өлді: әкесі өмір бойына сотталды

28.11.20261

23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды

28.11.20261

Тарихшы, дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті

27.11.20264

«Қазатомөнеркәсіптің» екі басшысы екі айға қамауға алынды

27.11.20260

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

27.11.202615

Көкшетауда аурухана аумағынан ер адамның денесі табылды

27.11.20261

«Бетіне түкіріп кетті»: Продюсер Дариға Бадықова кинотеатрда ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтты

27.11.202663

Respublica Қазақстанның 20 өңірінде үгіт-насихат науқанын қорытындылады

27.11.20262

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.