Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстандық бапкер Үндістанда «16 жастағы қызды зорлады» деген күдікке ілікті
Жаңалықтар

Қазақстандық бапкер Үндістанда «16 жастағы қызды зорлады» деген күдікке ілікті

НұрланНұрлан29.09.2026180
Фото: 1бол!

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Үндістанда қылмыстық іс бойынша іздестіріліп жатқан қазақстандық велоспорт бапкері Мақсат Аязбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

СІМ мәліметінше, Қазақстан тарапы бұл жағдайдан хабардар. Қазір қазақстандық дипломаттар Аязбаевтың туыстарымен байланыста және оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Министрлік мәселені бақылауда ұстап отыр.

«Министрлік Үндістандағы Қазақстан азаматына қатысты жағдайдан хабардар. Қазақстандық дипломаттар аталған азаматтың туыстарымен байланыста. Оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Министрлік бұл мәселені бақылауда ұстап отыр», — деп хабарлады СІМ.

Бұған дейін Үндістанның Патиала қаласында Аязбаевқа қатысты кәмелетке толмаған спортшыға жыныстық зорлық жасады деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Үндістандық БАҚ мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте оқу-жаттығу жиыны кезінде болған, ал 16 жастағы спортшы полицияға 18 қыркүйекте жүгінген.

Полиция бапкерді іздестіру барысында оның Дели қаласында болғанын анықтаған. Алайда құқық қорғау органдары барған кезде Аязбаев ол жерден кетіп қалған. Оның төлқұжаты тәркіленгені хабарланды. Қазір оның нақты қай жерде екені белгісіз.

Қазақстан велоспорт федерациясы не деді?

Қазақстан велоспорт федерациясы Мақсат Аязбаевтың соңғы жылдары Үндістан тарапымен келісімшарт бойынша жұмыс істеп, осы елдің ұлттық құрамасын дайындағанын мәлімдеді. Федерация оның қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасына қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Жарияланымдарда көрсетілген оқиғалар оның Үндістан тарапы үшін жұмыс істеген кезеңінде Үндістан аумағында болған және оларды Үндістанның құқық қорғау органдары қарастырып жатыр», — делінген федерация мәлімдемесінде.

Ұйым істің мән-жайы ресми тергеу барысында анықталатынын айтып, асығыс қорытынды жасамауға шақырды. Үндістанның велоспорт федерациясы да Аязбаевтың қызметін тергеу аяқталғанға дейін тоқтатқан.

Мақсат Аязбаев — бұрын кәсіби деңгейде өнер көрсеткен қазақстандық велошабандоз әрі бапкер. Кейін ол жаттықтырушылық қызметке ауысып, Үндістан ұлттық құрамасымен жұмыс істеген.

Қазіргі таңда іс бойынша Үндістанда тергеу жүріп жатыр. Аязбаевтың кінәсі сот шешімімен анықталған жоқ.

бапкер қыз зорлады
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПрезидент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті
Next Article Мемлекет басшысы Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026792

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026232

«Ұзақ үзіліс болды» : Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитденованың ауыр сөздерін көтере алмай қалған

02.10.2026183

Президент Тоқаев және Қазақстанның жаңа экономикасы: неміс сарапшылары қазақ елінің дамуы туралы зерттеген

02.10.202623

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.