Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Қазақ-қырғыз арасындағы ескі жара: Кенесарының кегін көршілер неге еске сала береді
Қоғам

Қазақ-қырғыз арасындағы ескі жара: Кенесарының кегін көршілер неге еске сала береді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы16.09.202623
Коллаж: Ertenmedia.kz

Астанада оқып жүрген қырғыз қыздарының қазақ халқына, Кенесары ханның аруағына тіл тигізуі Ақорда мен Бішкектің сыйластығына сызат түсіретін фактор, деп жазады Ertenmedia.kz телеграм арнасына сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Қос бойжеткеннің камера алдында көз жасын көлдетіп, кешірім өтінгенімен мәселе шешілмейді. Әлгілердің аузынан шыққан ауыр сөз көрші елдегі мем.идеологияның тікелей көрінісі деп ашық айта аламыз.
Қазақ-қырғыз бір туған деcек те, екі елдің мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын тарихында қарама-қайшылық жетерлік. Солардың ең күрделісі де, жанды жері де хан Кененің тұлғасы.
Қазақ даласы үшін Кенесары – Ресейдің отарлау саясатына қарсы келген соңғы заңды хан, қасиетті қаһарман. Ал қырғыз тарихнамасында ол Ормон ханның жеріне, Сарыбағыш руларына жорық жасаған «қатыгез феодал», өз жерін қорғаған қырғыздардың бейбіт ауылдарын шапқан агрессор ретінде сипатталады. Мұндай оқулықпен өскен жас ұрпақтың санасында Кенесарыға деген өшпенділік сәби кезден сана түкпіріне сіңеді.

Билік кулуары мен ас үйдегі әңгіме

Екі мемлекет тәуелсіздік алған 30 жылдан астам уақытта осы ортақ тарихи жараның аузын емдеуге, 1847 жылғы Кекіліксеңгір қырғынын саясаттандырмай, ғылыми деңгейде объективті сараптауға бірде-бір рет батыл қадам жасалмады.
Соның салдарынан қазақтың қасіреті қырғыз жастарының санасында мақтанышқа, тіпті кек қайтарудың рәмізіне айналып кеткен. Жиырма жастағы студент қыздардың ойына «ханның басынан шарап ішеміз» деген сұмдық метафора көктен салбырап түскен жоқ. Бұл ма, бұл сол елдің билік кулуарында, көше мен ас үйде айтылып жүрген қарадүрсін түсініктің сыртқа тебуі.
Соңғы жылдары қырғыз қоғамында ұлттың пайда болуына қатысты ғылыми негізсіз этномифтер де етек жайып жатыр. Осы құбылыс желіге тарап, өзін «тарихшы» санайтын белсенділер «қазақтар бертінде ғана құралған, түбі бізден тараған» дейтін қисынсыз әңгімелерді ашық айтатын болды. Мемлекет тарапынан мұндай сандырақтарға тоқтау салынбады, керісінше, ұлтшыл электоратты жұбатудың таптырмас құралы ретінде пайдаланылды.
Нәтижесінде, заманауи біліммен қаруланудың орнына, желідегі қысқа роликтерден сауат ашқан қырғыз жастары көрші халықтың мемлекеттігі мен тарихын жоққа шығаруды үйреншікті әдетке айналдырды. Астанадағы оқиға осының айнасы.
Аталған даудың тағы бір қауіпті тұсы – оқиғаның «чат-рулетка» форматында, сыртқы блогердің жетелеуімен өрбуі. Орталық Азия елдерінің бірлігін, түркі интеграциясын қаламайтын сыртқы күштер үшін аймақтағы тарихи жараларды тырнау ең тиімді әдіс.
Ал Астана мен Бішкектің арасында «мәңгі одақтастық» туралы талай құжатқа қол қойылғанмен, бір-бірінің мәдениетін терең түсінетін ортақ ақпараттық кеңістік қалыптасқан жоқ.

Әлгі әлгі екі бойжеткен ше?

Желідегі қауым қыздарды соттауды, елден қуып жіберуді талап етуде. Әлбетте бұған заң аясында құқықтық баға берілуі орынды. Дегенмен, саяси санасы толыспаған екі қызды қудалау арқылы мәселені түбегейлі шеше алмаймыз.
Кешегі үндеу үрейден туған формальды қадам. Олар жазадан құтылу үшін қазақ тілінде сөйлеп, кешірім сұрағанымен, санасындағы «басқыншы Кенесары» образы немесе қырғыз қоғамындағы «қазақ бізден тараған» деген түсінік жойылып кеткен жоқ.
Ресми Бішкек өз еліндегі тарихи мифтер мен жалғыз сенімді көршісіне бағытталған ауыр риториканы ауыздықтауға күш салмаса, ал Астана мәдени-ақпараттық жұмысты күшейтпесе, ертең мұндай оқиғалар жаппай сипат алуы мүмкін.
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Next Article Алты ай қамауда: Санжар Боқаевтың соты қашан өтетіні белгілі болды

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.