Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Бәке, Сәке» деген болмаған: саясаткер Тоқаевттың есте сақтау қабілетін айтты
Басты ақпарат

«Бәке, Сәке» деген болмаған: саясаткер Тоқаевттың есте сақтау қабілетін айтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы22.09.20266
Фото: Адырна

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Көпеев «Адырна» ұлттық порталына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдары туралы естеліктерімен бөлісті. Кезінде Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болған қайраткер Президенттің кісілік болмысы, терең білімі мен дипломатиялық қарым-қатынастағы ерекше шеберлігін тілге тиек етті деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Мұхамбет Көпеев Сенат қабырғасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен етене араласқан кездерін еске алып, олардың арасындағы қарым-қатынас тек ресми қызметпен шектелмегенін айтты. Мемлекет басшысының адам сыйлау мәдениеті жоғары екенін, өзіне қызметтес болған әріптестеріне үнемі құрметпен қарайтынын баса көрсетті.

Қайраткер өзара әңгіме-дүкен құрған сәттерде қалыптасқан ілтипатты қарым-қатынасты сөзіне арқау етті.

«Екеуіміз көп сөйлесетінбіз, пікір алмасатынбыз. Сенатта жүргенде ол кісі төраға, мен орынбасары болдым. Шәй ішеміз, сырласып өзі телефон соғады. Ешқашан атымды қысқартпай, үнемі „Мұхаммед Жұманазарұлы“ деп толық әрі ілтипатпен сөйлейтін. Бізде „Бәке, Сәке“ деген болған жоқ. Бірге отырып, асықпай кең отырып әңгімелесетінбіз», – деді ол.

Архивті жатқа білетін феноменалды жад

Мұхамбет Көпеев Мемлекет басшысының тарихи деректер мен саяси оқиғаларды жадында сақтау қабілетіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Президент өткен кезеңдердің нақты құжаттарын ешбір қағазға қарамай-ақ дәл баяндап бере алатын сирек қасиетке ие.

Сенат төрағасының бұрынғы орынбасары әріптесінің жан-жақты эрудициясы мен парасатына таңданысын жасырмады.

«Ол кісінің архивтегі материалдарды дәл алдында тұрғандай нақты айтып бергенін көргенде таңғаласың. Таңғаларлық есте сақтау қабілеті бар. Саясаткерлер мен жазушылардың кезінде айтқан сөздерін кітаптан қазір оқып отырғандай жатқа келтіреді. Оның білімі мен біліктілігіне шек жоқ», – деп еске алды қайраткер.

Әлем көшбасшыларын таңғалдырған дипломатиялық тіл

Сұхбат барысында Тоқаевтың шет тілдерін еркін әрі көркем деңгейде меңгергені сөз болды. Мұхамбет Көпеев кезінде елімізге Қытайдың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтао мен Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Тони Блэр келген сәттерді мысалға келтірді.

Қайраткер Президенттің шетелдік меймандармен әдеби, классикалық тілде сөйлесетінін, мұндай тереңдік тіпті ана тілі саналатын өзге ел саясаткерлерінің өзін таңғалдыратынын мәлімдеді.

«Қытай басшысы Ху Цзиньтао келгенде Қасым-Жомарт Кемелұлы онымен таза қытай тілінде еркін сөйлесті. Сонда қытайлық делегацияның орындарынан атып тұрып, қол шапалақтағанын көрдім. Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр келгенде де солай болды. Ол қытайша да, ағылшынша да, французша да жай тұрмыстық деңгейде емес, жоғары әдеби тілмен сөйлейді. Тіпті әзілдеп „Осы ағылшындар өз тілін білмейді“ дейтін. Мұндай мәнерге шетелдіктер көздерін ашып, сүйсіне қарайтын. Дональд Трамптың өзі жайдан-жай „Қазақстанда ақылды президент бар“ деп мойындап отырған жоқ қой», – деп түйіндеді Мұхамбет Көпеев.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОтандық агротехнология: жаңа қазақстандық препарат егін өнімін арттыруға көмектеседі
Next Article Теміртауда газ-ауа қоспасы жарылып, ер адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20261

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026799

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026236

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.