Псевдосалафилік көзқарастағы азаматтарға екі рет тұрмысқа шығып, отбасылық өмірінде деструктивті діни идеологияның зардабын 10 жылдан астам уақыт тартқан Мұхамбетжан Рания басынан өткерген оқиғаларын баяндады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Рания бұрынғы күйеулерінің діни көзқарастары салдарынан талай қиындыққа тап болғанын, бұл кезең оның өміріне ауыр із қалдырғанын айтады. Ол отбасылық өміріндегі өкініштері мен сол ортада көрген-білгендері туралы ашық әңгімеледі.
«Ойлары – төсек, айтатындары – өсек. Мен айтамын ғой, сәләфилерден мен тек ғайбатты үйрендім, өсекті, төсекті үйрендім. Басқа ештеңе үйренген жоқпын. Олар никабты не үшін киеді? Олардың алаяқ екенін біле алмайсың. Олар суретке түспейді. Кейбірінің бір басында бес байы бар», – деді Рания Түркістандық басылымға берген сұхбатында.


