Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Беделді тұлғалардың көбі сектада»: Танымал имам Данияр Кенжеұлы ел күтпеген мәлімдеме жасап, қоғамды дүр сілкіндірді (ФОТО)
Жаңалықтар

«Беделді тұлғалардың көбі сектада»: Танымал имам Данияр Кенжеұлы ел күтпеген мәлімдеме жасап, қоғамды дүр сілкіндірді (ФОТО)

НұрланНұрлан11.11.2026324
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі уағызшы Данияр Кенжеұлы психолог Төребек Бекбаевтың көзқарасына қатысты пікір білдіріп, оның ұстанымдарын кейбір діни топтардың идеясымен байланыстырды. Сонымен қатар ол бірқатар кәсіпкер мен құзыретті тұлғаның Гүлен қозғалысының ықпалында болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Уағызшының айтуынша, Төребек Бекбаев насихаттайтын псевдопсихосоматика бағытындағы түсініктер мен гүленші-нұршылардың кейбір діни көзқарастары арасында ұқсастық бар. Ол мұндай байланысты Саид Нұрсидің «Рисале-и Нұр» еңбегіндегі «Хасталар рисалесінің» тұжырымдарынан да байқауға болатынын жазды.

Данияр Кенжеұлының сөзінше, осы себепті түрік жамағаты мен оның ықпалындағы кейбір адамдар Төребек Бекбаевты ашық қорғамаса да, астарлап ақтап, іштей қолдап отырады. Уағызшы мұндай жағдайды бірнеше сұхбаттан байқағанын жеткізді.

Ол бұған дейін де бірқатар имам мен ұстаздың Төребек Бекбаевты тыңдамауға шақырғанын еске алды. Алайда сол кезде бұл ескертулерге көпшілік құлақ аспағанын айтып, уақыт өте келе олардың мәні айқындала түскенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Данияр Кенжеұлы түрлі діни топтардың қоғамдағы ықпалы туралы да сөз қозғады.

«Мұндай жамағаттардың ең әуелі қалталы адамдарды құрықтап, солардың маңайын айналшықтауы бекер емес. Спортшылардың бір бөлігі — уахабилердің, кәсіпкерлер мен құзыретті тұлғалардың біразы — гүленшілердің ықпалында. Ал сүлейменшілер әркімнің есігін қағып, қазақтың қарадомалақ балаларын қайыршылықтың құралына айналдырып жүр. Бірі беделді қармайды, бірі қалтаны аңдиды, енді бірі баланың мұқтаждығын алға тартады. Бәрінің аузында дін, бірақ ісіне қарасаң, ықпал мен мүдде сайрап жатыр», — деп жазды ол.

Айта кетейік, гүленшілер — түркиялық діни қайраткер Фетхуллах Гүленнің діни-философиялық көзқарастарын ұстанушылар. Қозғалыс «Хизмет» (Hizmet) атауымен де белгілі. Оның негізі Түркияда қаланып, кейін өзге елдерге тараған.

Бұл қозғалыс білім беру, қайырымдылық және діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстарымен танылған. Гүленшілердің дүниетанымына Саид Нұрсидің діни еңбектері мен идеялары да ықпал еткен.

2016 жылы Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін ел билігі Фетхуллах Гүлен қозғалысын оқиғаға қатысы бар деп айыптап, FETÖ (Фетхуллахшылар террористік ұйымы) деп таныды. Ал Фетхуллах Гүлен бұл айыптауларды жоққа шығарған.

дін имам
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article414 миллион теңге жымқырды: «Қызыл-Жар» клубының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды
Next Article «Бір басында бес байы бар»: 10 жыл теріс діни идеологияның зардабын тартқан әйел жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.20262

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ жатақханасындағы адам өлімі: проректор мен декан жұмыстан босатылды

17.11.20262

Қайғылы жағдай: Алматыда өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты (видео)

17.11.20261

Этникалық қазақтарға қысым: Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

17.11.2026126

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.202636

«Тас төбемнен ұра берді»: Атырауда соққыға жығылған 90 жастағы қария сотта балаларының киімін киетінін айтты

17.11.20269

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202618

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.202695

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20263

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20263

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202693

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.